- Негізгі бет
- 9 мамыр 2015
- Отан үшін от...
Отан үшін от кешкендер – 4
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Панфилова Валентина Ивановна 1923 жылы 1 мамырда Киевте туды. Медициналық қызмет дивизиясының лейтенанты, 316-шы дивизия командирі Кеңес Одағының батыры Иван Панфиловтың қызы.
И.В.Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизия құрамында болды. 1944 жылы басынан жарақат алып, Рига түбінде демобилизацияланды.
Қызыл Жұлдыз орденімен, ҰОС бірінші, екінші дәрежелі медалімен және «Ерлік істері үшін» медалімен марапатталды. 1993 жылы жастарды тәрбиелеудегі белсенді қызметі үшін «Парасат» орденіне ие болды. 1995 жылы 1 шілдеде өмірден өтті.
Сейілов Рашит (1 мамыр 1919 – 28 наурыз 1991) Ақтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 1939 жылдың маусымынан 1942 жылға дейін Қызылорда облысы, Арал ауданында мұғалім болды.
1942 жылы 6 маусымда Аралдан 32-ші атқыштар полкіне әскерге алынды. 1945 жылы 9 мамыр күні Калининградта жеңісті қарсы алды. Шені – кіші сержант. Мерген, телеграфшы-морзашы (морзе жүйелі аппаратта істейтін телеграфист).
Соғыстан соң партиялық қызметпен айналысып, мұғалім болды. 1991 жылы 28 наурызда өмірмен қоштасты.
@. @assel_assanova