Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
Тәтібеков Спаналы 1908 жылы туған, сержант. 1942 жылы 27 маусымда Жамбыл облысы, Мерке ауданында әскерге шақырту алды да, Уфаға жөнелтілді. 84-ші атқыштар полкінде бөлім командирі қызметін атқарды. 1943 жылы 3 ақпанда жан тапсырды. Харьков облысы, Купянск ауданы, Сеньков селосында жерленді.
Төлепов Иса 1917 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданында туған. Қатардағы жауынгер. 1939 жылы әскер қатарына шақырылды. Советтік-финдік соғысқа қатысты. Брест қамалы түбінде борышын өтеді. 1941 жылы сол жерден соғысқа аттанды. Сол кезде көп уақыт өтпей үйіне хат жолдаған. Соғыс басталған жылдан бері жақындары ешқандай хабар ала алмаған.