- Негізгі бет
- 9 мамыр 2015
- Отан үшін от...
Отан үшін от кешкендер - 2
Тойшынов Тұрсын (23.02.1917 – 31.12.1992) 1939 жылы 24 қазанда Алматы облысы Талдықорған қаласында әскерге шақырылды. Осы жерден майданға аттанды.
1941 жылы Оңтүстік-Батыс майдан;
1942 жылы Сталинград шайқасы;
1943 жылы Украин майданы;
1944 жылы Белоруссия майданы.
Осы шайқастарда әртүрлі әскери операцияларға қатысты. 1945 жылы Германияда кеңестік басқаншылық әскер құрамында болды. «Сталинградты қорғағаны үшін», «Германия түбіндегі жеңісі үшін» медальдарымен, сонымен бірге ҰОС II дәрежелі орденімен марапатталды. Соғыс аяқталған соң 1948 жылы Отанға оралды. Талдықорған облысы, Шымыр ауданында тракторшы болып қызмет етті. Жұбайы - Тойшынова Күлкән. Өмірге 10 бала әкеліп, тәрбиелеп жеткізді. 1992 жылы 75 жасында өмірден озды.
Төлепов Иса 1917 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданында туылды. Қатардағы жауынгер. 1939 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылды. Брест қорғанында әскери борышын өтеп, 1941 жылы маусымда осы жерден соғысқа аттанды. Осыдан аз уақыт бұрын үйіне жіберген хаты – ең соңғы хат болған екен. Содан кейін хабарсыз кетті.
@. @assel_assanova