Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
Жамбырбаев Бекжігіт 1906 жылы туылған. 1941 жылы 17 шілдеде Рудный атқыштар дивизиясы 19-шы атқыштар гвардиясы, 618-ші атқыштар полкіне қабылданды. Шақырылған жері: Алматы облысы, Жаркент ауданы.
«Немістермен шайқаста жолдас Жамбырбаев өзінің батылдығын, ержүректігін, қайраттылығын көрсете білді. Қарсы шабуылға үнемі алғаш болып бой көтеретін. Тапсырма орындауда өзге жауынгерлерге жігер беріп отырды. ҰОС кезінде жолдас Жамбырбаев бес рет жарақат алды. 1944 жылы 8 наурызда Қызыл Жұлдыз лайықты орденімен марапатталды. Рудный атқыштар дивизиясы 19-шы атқыштар гвардиясының командирі полковник Цукарев».
Қызы – Тойбекова Тәрбия 1940 жылы туылған, әкесін ұзақ жылдар бойы іздеген. Хат жазбаған жері жоқ! Майдан туралы газетте әкесінің ерлік істері және Қызыл Жұлдыз орденіне ұсынылғаны жазылып, суреті де қоса берілген екен. Әкесі одан әр хатында осыны сақтап қоюын сұраған.
Біз атамызды таптық. Госпитальде ауыр жарақаттан қайтыс болған. Оның есімі Литвада Марямпольск облысы Шакияск ауданындағы тақтада жазылып тұр. (Жолдаған: Күлән Нұрмұхамбетова)
Ділмағамбетов Нажмұхамбет 1913 жылы туылған. 1942 жылы әскерге шақырылды. Орталық, Беларусь, Оңтүстік майдандарда шайқасты. Соғыста Ділмағамбетов Нажмұхамбет Отан үшін жан аямады. 1945 жылы 1 мамырда жаудың мықты артиллериялық отында қарқынды алау болды. Ол осы ұрыста бір станоктық пулемет, үш автокөлік, бір зеңбірек, 25 неміс солдаты мен офицерінің көзін жойды. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Соғыстан оралған соң өмірінің соңына дейін балық комбинатында қызмет етті, көп ұзамай, 1970 жылы 1 ақпанда өмірден озды.
Бұл – менің нағашы атам. Оның жеті баласы болды (екеуі соғысқа дейін, бесеуі соғыстан кейін өмірге келген). Өмірден өтерінен бұрын үш немере көріп кетті. Қазір, біз, атадан тараған 20 немереміз. Біздің аталарымыз ұрпақтары мен жерін фашизмнен қорғауға бар ғұмырын арнады. Оларға иіліп тағзым етеміз! (Жолдаған: Жұлдыз Араева)
Есімханов Самат Павлодар облысы, Лебяжинск ауданы, Теңдік селосында дүниеге келген. Семей педагогикалық училищесін бітірді. 1941 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, содан хабарсыз кетті. Түркістан батальонында қызмет етіп, тұтқынға түскені туралы ақпар бар. Соғыстан кейін туыстарына Есімханов Самат туралы куәліктер сұрап Сыртқы істер халық комиссариатының мүшелері келді. Соғысқа дейін мергендік қызметін өте жақсы атқарды. (Жолдаған: Тимур Асылханов)
Ұқсас жазбалар:
Баубек Бұлқышев: "Таңертең ұрысқа Отанды ойлай аттанамын!"
Өзге ұлт өкілдері қазақ жауынгерлері жайында #4