- Негізгі бет
- 9 мамыр 2015
- Майдангерлер: Әлімбай, Нәби,...
Майдангерлер: Әлімбай, Нәби, Әлиасқар
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
Асанов Әлімбай 1907 жылы 20 қазанда Қостанай облысы Таран ауданы Жеменей ауылында туылды. 1930 жылдан 1941 жылға дейін Ұзынқол аудандық кеңесте төрағалық қызмет етті. 1941 жылы Қостанай облыстық әскери коммиссариатқа шақырылды.
1941 жылы 13 тамызда 55-ші қызыләскер қосымша полкіне алынды және Қиыр Шығысқа жіберілді.
1942 жылы әскери бөлім құрамымен Ленинград жағына бағытталды.
«Ленинградты қорғағаны үшін», «Ерлігі үшін», «Германиядағы жеңісі үшін» медальдарымен, ҰОС II дәрежелі және мерейтойлық ордендерімен марапатталды.
Соғыстан кейін 1946 жылдан бастап Қайранкөл ауылдық округінде бөлім бастығы, өз туған жерінде Белинский атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1970 жылы зейнетке шықты, Қостанай облысы, Таран ауданының Кеңес ардагерлері қатарына енді.
Марапаттары: «Еңбек ері», «Қажырлы еңбегі үшін», «Тың жерді қорғағаны үшін», Халық шаруашылық жетістіктер көрмесінің алтын медалі, «Еңбек ардагері».
1993 жылы 30 шілдеде өмірден өтті.
Ахмеджанов Нәби 1925 жылы туылған. 2-ші инженерлік-саперлік шабуылдық Рогачевский Краснознаменный бригадасының кіші сержанты болған. 1943 жылы Гурьев облыстық Жоғары команда резервіне шақырылды. 1945 жылы 1 ақпанда Польшаның Познань қаласында қамалға шабуыл кезінде қаза тапты. Сол жерде жерленді (Жолдаған: Ахмеджанов Магфур Сапиевич).
Дәуленбаев Әлиасқар (1918-1941) Жезқазған жерінің Сары-Арқа, Жеті Қоңыр өлкесінде туылған. Алматыда медициналық институт оқып жүргенде 1940 жылы әскерге шақырылады. Белоруссияда Батыс айрықша әскери аймағында борышын өтеді. Офицерлік шенге ұсынылды, бірақ соғыс басталып кетті. 1941 жылы 22 маусымда Батыс айрықша әскери аймағы басты аймақ болды. Батыс майданы Белоруссияның шекаралық ұрысына қатысты. 1941 жылы шілдеде немістермен шайқаста соққы алып, адам шығыны көп болғандықтан, Батыс майданының басқарушысы генерал Д.В.Павлов Сталиннің бұйрығы бойынша атылды. Д.Г.Павловтың 1941 жылы 18 ақпанда Сталиннің, Молотованың, Тимошенконың атына жазған әскери құрал-жабдықтар жеткіліксіздігі жөніндегі №87 хабарламасы еленбеді. Әлиасқар Брест қамалын қорғауда хабар-ошарсыз жоғалып кетті (Жолдаған: Шара Жансейітова).
Ұқсас жазбалар:
Ұлы Отан соғысының қайсар қаһармандары
Ашаршылықтың қорқынышы естен кетпейді
@. @assel_assanova