- Негізгі бет
- 9 мамыр 2015
- Майдангер ұстаз...
Майдангер ұстаз
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
Байбатшаев Ғизат Байбатшаұлы (1906-1978)
Панфилов ауданының (Талдықорған облысы) Көктал ауылында көп балалы қарапайым отбасында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы мұғалімдер институты мен Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін бітірген.
1925 жылы Жамбыл облысының орта мектебінде ұстаздық қызметін бастаған. Сонымен қатар, шалғай ауылдардағы білім беру мекемелерінің ашылуына атсалысып, жасы үлкен тұрғындардың сауатсыздығын жою жұмыстарымен белсенді түрде айналысқан.
1942 жылдың сәуірінен бастап Ұлы Отан соғысының қатысушысы. 247-атқыштар двизиясының (2-жасақ) 920-атқыштар полкінің құрамында бірінші Ржев-Сычев шабуыл операциясына қатысқан. Ржев түбіндегі шайқастағы жанкешті ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. 1942 жылдың қыркүйегінде ауыр жарақаттанған. Демобилизациядан кейін ұстаздық қызметіне қайтып оралып, мұғалім, мектеп директоры, аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Жары Бибі Көбетайқызы екеуі бес баланы өсірген. Бүгінде ол немере, шөберелерінің жадында.
М. Оңғарова