Майдангер Мәншүктің туған күні

Қазақстан Республикасының қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың бүгінгі туған күніне орай (02.10.1922) майдандас ағасы Асқар Закариннің «Вперед на врага» газетіне жариялаған естелігін ұсынамыз.

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Алматының ғажайып бақтарында алма уылжып піскен шақ. Ауадан апорттың хош иісі аңқыды. Теміржол бекеті бірінің ізінен бірі майданға аттанған жауынгерлерден көз ашпады. Қазақтар «Жеңіспен орал» деген бір сөзді қайталай, бар бетке ұстарын соғыс сапарына шығарып салды.

Сондай бір кезекті эшелонды жөнелтерде станцаға Орталық Комитет өкілі өзімен бірге ақ шәлі жамылған қызды ертіп келді.

– Міне, сіздерге қызылармиялық қыз, – деді ол, – бізбен бірге соғысқа барады.

Бұл Кеңес халық комитетінде хатшылық қызметте істейтін комсомол Мәншүк Мәметова болатын. Ол майданға барам деген мақсатына ақыры жеткен екен. Арманы орындалып, төбесі көкке бір елі жетпей тұрған түрі осы. Қалалық қыздың шыт көйлегін отан қорғаушы қызылармияшының формасына алмастырыпты.

Ұзақ сапарға шығарып салуға келген құрбыларымен қимай қоштасты. Пойыз жылжыды. Комсомол Мәншүк қайсарлықпен жауынгердің бұралаң жолына түсті.

Артта Қазақстанның кең байтақ, ғаламат жері қалды. Жылт-жылт етіп ару Еділ жатыр. Эшелон алысқа, алысқа тоқтамай тарта берді.

Міне, майданға да табан тіреді. Офицерлер Мәншүкті хатшылыққа, әскери іске баулыды, жауынгердің міндеттерін тәптіштеп түсіндірді. Әрқайсысы әскери мамандықтармен мадақталып жатты, бірі – телефонист, бірі – медбике. Мәншүк үнсіз отырды. Оның өз арманы болатын. Бір кезде үн қатты:

– Мен пулеметші болғым келеді...

Жалғасы