- Негізгі бет
- 9 мамыр 2015
- Лауазымды қызметкерлер де...
Лауазымды қызметкерлер де соғысқа қатысқан
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітаптан үзінді:
Бижанов Құдыс Бижанұлы (28.12.1922-19.08.2001) Павлодар облысы Лебяжі ауданының Шақат ауылында дүниеге келген. 1942 жылы қыркүйектің 15-і күні майданға шақырылды. Сол жылдың желтоқсанына дейін қатардағы жауынгер болды. 1943 жылдың қарашасына дейін бөлім командирі болды. Одан соң 1944 жылдың ақпанына дейін Ленинград қаласындағы госпитальде жатты. Наурыз айына дейін бөлім командирі болды. Ауыр және жеңіл екі жарақат алды. Германияны алуда арнайы операцияға қатысты.
ҰОС II дәрежелі орденімен, «Қаһармандық әрекеті үшін» медалімен марапатталды. Бейбіт кезеңде ҚазМУ-дың тарих факультетін бітіріп, Павлодарда мектеп директоры болып қызмет етті. Жоғары партиялық мектеп, ҚазМУ, АТУ оқу орындарының кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
Бөжекеев Батырша 1923 жылы туған. Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданынан 1942 жылдың маусымында әскерге шақырылады. Екі рет жарақат алған. 7-ші орта, 3-ші батальон, 889-ші атқыштар полкі, 197-ші атқыштар дивизиясының взвод командирі, кіші лейтенант. Алекесеевка қаласында ұрысқа қатысқан. ҰОС-тың бірінші, екінші дәрежелі ордендерімен, көптеген медальдармен мараптталған. 2000 жылы қайтыс болды.
@. @assel_assanova