- Негізгі бет
- 9 мамыр 2015
- ҚР алғашқы қорғаныс...
ҚР алғашқы қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов туралы
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы (25.05.1924 – 24.09.2013) Ақмола облысы, Трудовое селосында туған. 1942 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, Кушка қаласындағы әскери училищеге жіберіледі. 1943 жылы сәуірден 1945 жылы мамырға дейін соғыс алаңында болды. Пулеметті взвод, рота командирінен атқыштар батальонына дейін көтерілді. 1052-ші атқыштар полкінде болды.
Солтүстік Кавказды, Украинаны, Молдавияны, Батыс Белоруссияны, Польшаны, Германияны азат етуге, Гитлер канцеляриясын шабуылдауға қатысты. Берлинде жүргенде соғыс аяқталды. Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Батырлығы мен ерлігі үшін Сағадат Нұрмағамбетов 1945 жылы сәуірде екінші «Алтын жұлдыз» орденіне ұсынылды. Ол Қазан төңкерісінің, Ленин орденінің кавалері, Қызыл белгі, ҰОС бірінші, екінші дәрежелі орденін, екі мәрте «Қызыл Жұлдыз» орденін, «КСРО Қарулы Күштеріне Отанға қызмет еткені үшін», «Құрмет белгісі» ордендерін иеленді.
1946-1949 жылдары М.И.Фрунзе атындағы әскери академияда оқып, аяқтаған соң әртүрлі командалық, штабтық қызметтер атқарды.
1991 жылы қазанда Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 1992 жылы мамырда ҚР алғашқы қорғаныс министрі болды. 1994 жылы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті жалығы бойынша «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
1995 жылы қарашада Қазақстан Республикасы армия генералы шенімен жұмыстан кетті.
@. @assel_assanova