Командирін өлімнен алып қалып, қызына үйленген жауынгер

Командирін өлімнен алып қалып, қызына үйленген жауынгер
Фото: vk.com

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Нұрланов Қапан (нағашы атам) 1915 жылы 16 желтоқсанда Семей облысы, Абай ауылында туған. Семей қаласында медициналық институттың 1-курсында оқып жүргенде Белоруссиядағы офицерлер даярлайтын әскери училище жөнінде хабарланды. 3-курс оқып жүргенде фин шайқасына аттанды. Әскери училищені соғыс аяқталған соң бітірді.

ҰОС басталғанда атамды соғысқа лейтенант етіп жіберді. Ол Солтүстік майданда шайқасты. Орнықты оқшашардың рота командирі болды. Екі рет жарақат алды. Бір рет қоршаудан шығып, өзімен бірге тағы бір жауынгерді аман алып қалды.

Кенигсберг қамалын азат еткен соң Сталин Кеңес Одағының шекарасын жабуды бұйырды. Атама Кеңес Одағы мен Польшаның шекарасын басқаруды тапсырды. Бұл жылдары ол Украина және Балтық теңізі жағлауларындағы шайқасқа қатысты.

Оның командирі (өзі өлімнен алып қалған) қаладағы шекара милицияларының бастығы болды. Атам оған жиі қонаққа барып жүріп, 19 жасар қызы Лидия Васильевнамен танысты. Лидия өте әдемі қыз болған, атам оған бірден ғашық болды. Атам командирінің қызын кездесуге шақыра бастайды, өзі де келбеті келісті, ұзын бойлы, сымбатты жігіт болған, әжем Лидия да оған кет әрі болмаған. Олар отау құрды. Атамды Калининград қаласының комендаты етіп тағайындады, сол жерде балалары дүниеге келді.

ҰОС кезінде алған жарақатынан 2-ші топты мүгедек болды. 1952 жылы Қазақстанға оралды. Бейбіт кезеңде ол жаңа кәсіп үйренгісі келіп, тері және былғары ісін қолға алды. Семейдің мех комбинатында қызмет етті. Оның отбасы үлкен – 5 баладан 9 немере, 8 шөбере сүйді. Семей Кеңес ардагерлерін басқарды. Соғыс кезінде Қызыл Жұлдыз орденімен екі мәрте, басқа да көптеген медальдармен марапатталды.

Атам қатты адам болды, офицерлік, соғыс жылдарынан ештеңе айтпайтын. Анам мектепте оқып жүргенде шығарма жазу үшін соғыстан кішкене болса да естелік айтып беруге көндіреді. Міне, сол шығарманың титтей кесегі: «Солтүстік бөлікте шайқасу аса қиын – бораған қар, балшық. Омбы қарға көміліп, от жағып жылынды. Ылғал шұлғауларын белдігіне іліп кептірген. Командирлер бөліп алуға келгенде бәрі де ұзын бойлы, күшті, рухы биік жауынгерлерді алғысы келетін».

Атам Жеңістің 50 жылдығын көруді қатты армандайтын. Ол сол күнге жетті.

Әсел Үмітбаева

@. @assel_assanova