Қазақстандағы Ұлы Отан соғысының ең қарт ардагері 106 жаста

Қазақстандағы Ұлы Отан соғысының ең қарт ардагері 106 жаста
Фото: 24.kz

Қазақстандағы ҰОС-тың ең қарт ардагері 106 жаста. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова Tengrinews.kz тілшісінің арнайы сұрағына жауап бере отырып мәлімдеді. Оның айтуынша, 1908 жылдың 20 қыркүйегінде дүниеге келген ардагер қазір Павлодар қаласында тұрады. Айта кетейік, елімізде соғыстың 4715 ардагері қалды, оның 1362-сі майданнан мүгедек болып оралғандар.

ҰОС-тың Қазақстандағы ең жас ардагері 85 жастағы Надежда Аюханова екені де айтылды. Ол 1929 жылдың 10 желтоқсанында дүниеге келген. Қазір Надежда Аюханова Қарағанды облысының Шахтинск қаласында тұрады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан халқының Бірлігі күні қарсаңында 200 алматылыққа пәтер кілттерін тапсырған еді. 

Е. Қайрахан