Жауынгерлер: Мұстафаұлы Қашқамбай, Найзабеков Әбілқасым

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Мұстафаұлы Қашқамбай 1926 жылы 1 маусымда Алматы облысы, Шелек ауданы, Малайбай селосында туған. 1944 жылы майданға шақырылды. Белоруссияда ұрысып, Еуропаға аттанған. Берлинде жүріп соғысты аяқтаған.

 

Найзабеков Әбілқасым 1921 жылы туған қызылармияшы. Соғыс басталған бойда 1941 жылы 27 маусымда Жамбыл облысы, Мерке ауданынан майданға шақырылды. Хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде оның тегі 266-шы болып жазылған. Немерелері әжесінің ол туралы айтқан: «Қара қағаз келген жоқ» деген сөзін ғана есте қалдырған.

Гүлбану Найзабекова