Жауынгерлер: Кенжалин Қайролла, Кенжебаев Азина

Жауынгерлер: Кенжалин Қайролла, Кенжебаев Азина
Фото: bigpicture.ru

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Кенжалин Қайролла 1916 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Көкшетау уезі, Айыртау болысында туған. 1941 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылды. Қысқа уақыттық курс аяқталған соң Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысты. Шені-лейтенант. 1942 жылы жоғалып кетті.

Найман Жылқайдаров


Кенжебаев Азина 1922 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Еңбек селосында туды. 1941 жылы Алматыдағы Педагогикалық институтқа түседі. Сол жылы Қызыл әскер қатарына шақырылды. Соңғы хатында 1942 жылы майданға алынғаны жазылған. Өкінішке орай, одан кейін тағдыры қалай болғаны жөнінде еш дерек жоқ.

@. @assel_assanova