- Негізгі бет
- 9 мамыр 2015
- Жауынгерлер: Қасымов Темірболат,...
Жауынгерлер: Қасымов Темірболат, Келешов Былқымбай
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
Қасымов Темірболат 1912 жылы туған. Павлодар облысы, Максим Горький ауданынан әскерге шақырылған. 1939-1940 жылдары кеңестік-финдік соғысқа қатысқан. Кеңестік-германдық майданда бірнеше мәрте жарақаттанды. «Ерлігі үшін» орденімен марапатталды.
Келешов Былқымбай 1909 жылы Ақтөбе облысы, Бағанин селосында туған. 1942 жылы майданға шақырылды. Қай жерде шайқасқаны жөнінде дерек жоқ. Соғыстан оралмаған, хабарсыз кеткендер қатарына жатады. Ешқандай мәлімет жоқ.
Obd.memorial.ru сайтында соғыстан оралмағандар тізімінде Килешев Салқымбай (жұбайы Өсер) бар, 1899 жылы туған. 1942 жылы қарашаның 5 күні жерленген.
Сылқымбай Келешов – Былқымбай Келешовтың өгей ағасы, екеуі майданға бірге аттанған. Үлкен туыстарының айтуынша, 1942 жылы оларға кәдімгі жаназа жасаған. Бірақ соғыс аяқталғаннан кейін Сылқымбай үйіне оралған, кейін ұлды болған. Соғыстан оралмағандар тізімінде Былқымбай мен Сылқымбайды шатастырған болар деп ойладық. Осы жөнінде хабарласқанымызда, бізге жауап келмеді.
Былқымбайдың артында жалғыз ұлы Аяған мен жары Маржан қалды. Маржан біраз жылдан соң күйеуге шығып, баласын өгей әкесінің атына жазғызады. Аяған Әділовтің тоғыз баласы бар, барлығының да тегі Әділов. Атасы туралы мәлімет жоқ болғандықтан, немерелері оның атын фамилия етіп ала алмады.
Жанна Ойшыбаева
@. @assel_assanova