Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
БАСЫ
– Көңіл-күйіңіз қалай болды? Тірі қалатыныңызға сендіңіз бе әлде жазым болармын деп ойладыңыз ба?
– Мені өлтіріп кетеді-ау деп ойлаған да жоқпын, болашақты да жоспарлаған жоқпын. Біздің тапсырмамыз фашисті қыру болды. Бітті! Бар ойымыз осы болды. Тек кейде... Пошивальников қирап жатқан үйлерге қарап тұрып: «Соғыстан кейін осыларды қайта құру ұзаққа созылады...», - деуші еді.
Жеркепеден штаб бастығына қоңырау келгенде абдырап қалдық. Тұтқаны көтерді де: «Тыңдап тұрмын... иә...ауыл... – деп қарындашын картаға беттей берді. Жүйкеңе тие бастайды. Барлығының уайымы бір – соғыс. Майдан шебінен 15 километр болса ештеңе емес, ал 30 метр болса – қалай жететініңді ойлап уайымдай бастайсың. Телефон тұтқасында айтьып жатқандай алыс жаққа баруды жанымыз қаламайтын. Бірақ, амал нешік. Тапсырма берілді ме, ештеңеден тайсалмаймыз. Анаңды ойлайсың, қалай жетуді ойлап, мақсат қойып, тезірек көзін құртып, үйге қайтуды ойлайсың. Тек тапсырма берілген кезінде ғана алаңдайсың.
– Қандай тапсырма ең қиыны боп көрінді?
– Аэродромдар. Аэродромға шабуылдау – ең қиыны еді. 90% – жазым болу қаупі тұрады да, тірі қалу мүмкіндігі – 10%. Екі рет бардым, екеуінде де маған шабуылдады. Харьков негізіне барған кезде 1943 жылы 5 мамыр күні мені атып тұсірді. Кітапта бұл эпизод суреттелген. Неміс тылына құладым. Майдан шебінде бірнеше күн қысымда ұстады. Сәл-сәл 100 метр болғанда... ол жерде үлкен арық болды. Арыққа түскен екеуміз де тірі қалдық. Бірақ мина алаңына жүгіретінімізді қайдан білейік? Мен арықтан шығып Солтүстік Донецке жүгірдім. Малтып өттім. Жанымда комсомол билетім болғаны жақсы болды. Әйтпесе қаруымды тартып алушы еді. Жорық госпиталінде операция жасадық.
– Соғыс аяқталуға жақындағанда тірі қалу үшін ұшуға көп шықпауға тырысқан кезіңіз болды ма?
– Мұндай әңгіме болуы мұмкін емес! Қандай тапсырма беріледі – сол орындалады. Мен ұшудан ешқашан қашқан емеспін!
– Соғыс қай кезде қиынырақ болды? 1941 жылы басталғанда ма, әлде 1945 жылы аяқталар сәтте ме?
– Барлығы нысанаға байланысты. Егер ол бұлыңғыр болса, 43-ші жыл болсын, 45-ші жыл болсын – айырмашылық аса байқалмайды.
– Келесісі мен шығармын деген сақтанушылық болды ма?
– Менде болған жоқ. Сәтсіздіктер болып тұрады. Бірақ, амал қанша – соғыстың аты соғыс.
– Байқамай өз жағыңызға оқ атып алған кезіңіз болды ма?
– Жоқ. Бетін әрі қылсын. Бірден жазалайды. Бізде Кочергин деген ұшқыш болды. Ол шабуыл кезінде артта қалып қойды. Бірақ кейін жақсы ұшатын болды.
– Сіз темекі шектіңіз бе?
– Әрине, барлығы темекі тартты. Академияға келгенде неге түтін жұтып жүрмін деген ойға қалдым. Сол кезден бастап әлі күнге темекі шекпейтін болып кеттім.
– Ұшудан кейін 100 грамм берді ме?
– Оой... Міндетті түрде. Тек 100 грамм ғана емес. Әр ұшқан сайын 100 грамм шамалайтын едік. Ал мен күніне кем дегенде үш рет ұшамын. Кейде 4-5 рет, 6 рет ұшқан кезім де болды. Әр ұшу ұзақтығы 1 сағат 40 минутқа созылады. Физикалық тұрғыдан қарағанда өте қиын. Қайтеміз енді? Соғыс. Кейде тіпті басқа аэродромға отыр дейтін кездері де болды. Ал онда не тамақтануға, не өзге етуге мүмкіндік болмайды. Аштан аш жүресің, қарғыс атқыр!
– Сондай қиыншылықта тамаққа тәбетіңіз тартты ма?
– Менің тәбетім болған жоқ. Кешке демалуға жатар кезде тамақтанамыз да, 100 грамм ішіп жібереміз. Кейбіреулер отбасын еске алып, көз жасын сығып та алады. Мен жас болдым, басқа ұшқыштар 1918, 1919 жылы туғандар.