Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
БАСЫ
Жолда алдыңғы бөлімдегі бір ұшақты атып түсірдік. Полк штурманы Русаков өте жақсы адам еді, өкінішке орай, қаза тапты. Сол жақ шеттегі бөлім көздеп тұрып атты да, ілмекке іліп кетіп қалды. Жетекші аға сержант Петько шабуылға дайындалуға бұйрық берді. Шабуыл кезінде жетекші Петько және сол жақтағы сержанты Шишкин оққа ұшты. Біздің үштіктен жалғыз мен қалдым.
Горушкаға шабуыл жасағанда сол жақтан бұрылыс жасап, шалшыққа түстім. Осы жерде алдымда оң жақтан пулемет жолы кездесті. Қолшамды жаққанда тағы бір жол қалай пайда болғанын біраз түсінбедім. Өз жолымнан ауытқымауға тырысып икемделдім. Ловатьқа жеткенде біздің аймақ басталады. Бірдеңеге ұшырай қалсам да, өз жерімізге жерлейді деп ойлап келемін. Немістер қалдырмас. Тіпті жылдамдықты азайту үшін даңғыл жолдан да шықтым. Балшық үстінде бұрылыс радиусы азырақ, сол жолды ұшқыш көлікпен тегістеді. Мен өтіп кеттім. Сол кезде біздің ұшқыштар неміс ұшағымен ұшыпты деген қаңқу сөз тарады. Мен мүмкін өзіміздің ұшағымызды атып түсірген болармын деп күдіктендім. Барып қарасам ба деп тағы бір ойладым. Кейін бұрылдым. Ұшқыш кабинадан шықты, жауынгерлер оған қарай жүгіріп барады. Жанынан қарадым – крест. Өйтіп-бүйтіп аэродромға жеттім. Бұрылатын рөл бұзылып қалды.
Таңертең полк командирі шақырды:
– Сен кеше бомбаны қай жерге тастадың?
– ...Кеше дәл көздеген жеріме тастадым.
– Сенімдісің бе? Онда дивизия командирі сені неге шақырды?
– Білмеймін.
Ішімнен бәрі бітті деп ойлап тұрмын.
Командалық пунктте мені адъютант, сержант қарсы алды:
–Бигелдинов сіз бе?
– Мен.
– Кіріңіз.
Бір рет көрді ғой, енді ұрыспайтын болар деп ойладым. Кірдім. Отыр деді, отырдым. Терезе жанында генерал-майор Каманин және екі штаттық отырды.
– Сіз кеше 13-шімен ұштыңыз ба?
– Отыр. Отыр. Ұшақты атып түсірдіңіз бе?
– Ұшақ фашистікі еді, - деп айқайлап жібердім.
Майор күліп қояды...
– Дұрыс. Дұрыс. Фашистің ұшағы, - дегенде дереу сабама түстім.
– Бәрін басынан бастап қалай болғанын айтып берші.
– Ол маған оқ жаудырды. Бірақ бірде біреуі тиген жоқ. Менің артымнан келуді қалады, оған мүмкіндік бермедім. Ал өз жерімізге жеткен соң батылым арта түсті. Мен де оларды ата алмаймын ба деген ой келді де, кейін қайта бардым. Олар маған оқ жаудыра бастады, мен оларды атқылаймын. Бір кезде терең бұрылыстан қолға түсірдім. – Ал қарапайым халық не жазып жүр.
Каманин айтты:
– Сен біздің Франциядағы, Польшадағы көптеген ұшағымызды құлатқан ұшқышты атып түсірдің. Бигелдинов, сіз өзіңіздің не істегеніңізді білесіз бе? Әуе қорғанысында шабуылдаудың жаңа тәсілін таптыңыз. Демек, шабуылдау авиациясы да жаумен шайқаса алады.
Мен аңырып тұрып қалдым. Мұндайда не айта аламын?
Жалғасы бар...