- Негізгі бет
- 9 мамыр 2015
- Жауынгер Өтекешев Қарасай...
Жауынгер Өтекешев Қарасай жайында #2
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
Ә.Өміржанов көмегімен Қарасай Өтекешевтің қыздары оның досы, саяси жетекші И.Н.Теренникті іздеп тапты, Ресейде Воронеж облысы, Россошь қаласында тұрады. Әбдірахманның шақырыуымен 1974 жылы 9 мамырда жеңіс күнін тойлауға Алматыға келді. Ол 1980 жылы 22 қыркүйекте қайтыс болғанша бірнеше рет хат жазысып тұрды.
1975 жылы ҰОС Жеңістің 30 жылдығы қарсаңында Алматы қаласынан («Жалын» баспасы) С.Честнованың «Әкесі мен баласы туралы баллада» деген повесть шықты. Онда Ә.Өміржановтың соғыс жылдарында жоғалып кеткен адамдарды іздегені туралы жазылған. Кітаптың 112-117 беттерінде Қарасай Өтекешевтің ерлік істері, сонымен бірге оның досын және жерленген жерін іздегені жөнінде жазылған.
Қазақстан Республикасында 1999 жылы Орал қаласынан басылып шыққан ескерткіш кітабында Қарасай Өтекешев есімі енген. Бұрын отбасымен бірге тұрып, жұмыс істеген жері Шыңғырдау облысында Жеңіс алаңындағы тақтада да аты жазылған. Қыздары әкесі жөнінде кітап, газет қиындылары, фото, майдандық хаттары – барлығын Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкелік мұражайға тапсырды. Жәнібек ауданындағы мұражайда да Қарасай Өтекешев туралы мәліметтер бар. Отанына сіңірген еңбегі үшін оның есімі ешқашан ұмытылмайды. 1973 жылдан бері ұрпақтары атасын еске алып, Великие Луки қаласындағы бейітіне барып тұрады.
2010 жылы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында да қыздары Өтекешева Роза мен Өтекешева Асыл Ресей Федерациясы, Псков облысы, Великолук ауданы, Чернозем селосына әкесінің мазарына барып келді. Оларды жергілікті тұрғындардың барлығы таниды, жерін қорғаған батырдың ұрпағы ретінде барған сайын зор құрмет көрсетеді.
@. @assel_assanova