- Негізгі бет
- 9 мамыр 2015
- Жауынгер Омаров Әбдісәлім...
Жауынгер Омаров Әбдісәлім туралы
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Омаров Әбдісәлім Ысқақұлы (13.10.1922-15.03.1989) 1941 жылдың ортасында әскерге шақырылды. Ташкент қаласында телеграфшы курсын аяқтады. 1942 жылдың қаңтар айынан 1945 жылдың мамыр айына дейін Оңтүстік-Батыс, Солтүстік-Кавказ өңірлерінде шайқасқа қатысты. Телефонист болды, одан соң Иван әскери-саяси училищеде курсант, 1-ші Украина майданында 127-ші Чистяков әуе дивизиясында комсорг (комсомол ұйымдастырушысы) болды. 1945 жылы жарақат алып, сәуірден мамырға дейін госпитальде жатты. Осы жылы маусымға дейін батальон комсоргы болды.
Соғыстан соң Орталық әскер тобының саяси-басқарма қатарына қосылды. Курсты аяқтаған соң Ленинград түбінде әскери-саяси училищеде комсомол ұйымдастырушысы, содан соң әуе әскерінде парторг (партия ұйымдастырушысы) болды. 1951-1953 ж.ж. ауыр бомбалаушы полкі командирі орынбасары. 1954 жылы Қарулы күштер қатарынан кіші лейтенант шенімен елге қайтарылды. Оқытушы, аудандық газеттің бөлім меңгерушісі, Нұрын аудандық комитеті саяси-ағарту кабинетінде меңгеруші әрі нұсқаушы қызметтерін абыроймен атқарды. 1978 жылдың желтоқсанында денсаулығына байланысты зейнетке кетті.
ҰОС бірінші, екінші дәрежелі орденімен, «Ерлігі үшін», «Кавказды қорғағаны үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», қарулы күштер мерейтойына арналған үш медальмен, «Тыңайған жерлерді игергені үшін», «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Өзбек КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының құрмет мадақтамасын, Қазақ ССР халықтық бақылау Комитетінің құрмет мадақтамасын алды.
@. @assel_assanova