Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев. Кітаптан үзінді ұсынамыз.
Басы
Полк командирі алдымызға мынадай тапсырма қойды: "Тылдағы немістерге барып, күштерінің артық-кемін бақылаңдар". Алты барлаушы мен радиошы бар едік. Тапсырманы орындауға бір тәулік уақыт берілді. Бізді сапқа тұрғызып, старшина барлық құжат пен қағаздарды тартып алды. Өте қорқынышты әрі қайғылы еді. Бұл адамның жанына қатты бататын жайт, бірақ барлау заңы бойынша, қалтада ештеңе болмауы керек. Бір тәуліктің орнына майдан шебінде бес тәулік болдық! Айналма қорғанысын қаздық. Гранат пен автоматтан өзге ештеңеміз де жоқ еді! Тамақ та жоқ! Бір барлаушымыз денелі жігіт болатын, ешкімге айтпай тас жолға шығып, екі немісті өлтіріп, заттарын алып келді. Заттың ішінде консерві бар екен. Соның арқасында жанымыз қалды. Взвод командирі болса, әлгі сарбазды рұқсатсыз кеткені үшін атып тастай жаздағаны рас. Ол тұтқынға түсіп қалғанда, бәріміз құритын едік. Біз немістердің күші азайғанын, кейін шегінгенін, артқа қайту туралы бұйрық алғанын анықтадық.
Қайтар жолда "власовшыларға" тап болдық. Олармен байланысқа шықпадық. Бар болғаны жеті адамбыз! Не істей аламыз? Олардан қашайық! Олар орысша боқтап, бізге: "Беріліңдер!" дейді. Қашып-қашып, ормандағы неміс қоймасына кезіктік. Ол жақта былғары етік, плащ жатыр екен. Киіп алдық. Әрі қарай кеттік. Алдымызда жол. Г-белгісіндей қиылыстан әлдебір дыбыс естілді. Взвод командирі маған: "Қақталған (взводтағы лақап атым), шығып не дыбыс екенін көріп келші", - деді. Көріп келу үшін қиылысқа шықтым, осы сәтте фриц мергені мені ұстап алды... Оқ жамбасыма тиді. Жігіттер мені көтеріп әкетті. Госпитальде аяғымды кесіп тастағылары келді, кереуетімнің жанында Сібірден келген бір қарт жатты. Біз оны Вася ағай деп атадық. Госпиталь бастығы, подполковник келген кезде әлгі Вася ағай отырғышты қолына алып: "Мен Сталинге хат жазамын, оның "аяқ-қолды кеспеңдер" деген бұйрығын орындаудың орнына, қараптан-қарап кесіп жатқандарыңды айтамын. Оған ота жасамақсыңдар, бар-жоғы 18 жаста ғой, аяғы жоқ болса, кімге керек?! Бәрін қалай жасау керек болса, солай жасасаңдар, ол бұдан кейін де соғысатын болады!" - деп отырғышты оған лақтырып жібере жаздады. Подполковник болса: "Жақсы, жақсы, ешқайда хат жазудың керегі жоқ..." - деді. Қорқады ғой, бәрібір! Мені ота жасауға дайындады. 6 сағаттай уақыт ота жасады. Екінші күні, түске қарай ғана есімді жинадым. Аяғыма ақ етік, төрт ағаш тақтай кигізіп, тартып тастапты. 26 сәуірде жараландым, 13 күннен кейін соғыс аяқталды, госпитальда тағы алты ай жаттым. 6 айдан кейін аяғым иістеніп, саси бастады, бит пайда болды. Дәрігерлер жазылып келе жатыр деп қуанды. Гипсті алып тастады. Аяғым бүгілмейді. Мені шалқамнан жатқызып, созу үшін гір өлшеді, 100 грамм, сосын 150, 200 грамм. Аяғым кішкене иілгенімен, бүгуге келмеді. Мені етпетімнен жатқызып, тағы солай қайталады. Осылай-осылай аяғым жұмыс істеп кетті.
Госпитальдан өз бөлімімен оралдым, мені майдангер достарым жақсы қарсылады. Комиссия мені әскери қызметке жарамсыз деп танып, әскер қатарынан шығарып тастады. Осылайша үйге қайтатын болдым. Үйге барғым келмеді –достарымды тастап кете алмадым, аядым. Бүкіл соғысты бірге көрдік. Бір-бірімізді бауыр деп есептедік. Бір-бірімізге үйреніп қалдық, бір-бірімізсіз өмір сүре алмадық. Бәрі сапқа тұрып, менімен қоштаса бастағанда, жылап жібердім – кеткім келмейді! Маған: "Ақымақ, барсаңшы!" деп жатыр.
Айта кету керек, соғыстан кейін Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, жараланған, мүгедек болып қалған адамдарға ешкім бірден назар аудара қоймады. Екі аяғы жоқтар өздеріне шана не жеңіл арба сияқты бірдеңе жасап алып, ілбіп жүреді... Тек 1950 жылдан кейін ғана аздап қолға алып, көмектесе бастады.
– Соғыс алдында жақсы өмір сүрдіңіздер ме?
– Иә. Колхозшылар өздері жұмыс жасап жинаған бидайды алудан бас тартатын, өйткені өздерінікі жететін. Жақсы киініп, жақсы тамақтандық.
– Сізді әскерге шақыртқанда орыс тілін жақсы білетін бе едіңіз?
– Мен орыс мектебінде оқыдым. Оқуда озат едім. 5-сыныпта оқып жүргенімде, жазған диктантымды 10-сыныпқа апарып көрсетіп: "Ұлты қазақ, 5-сынып оқушысының қалай жазғанын қараңдар" дейтін. Құдай берген дарыным болды.
– Фрунзе жаяу әскер училищесі не үйретті?
– Мен минометші болдым. 82 милиметрлік батальон минометін оқыдық. Плита 21 килограмм, ұңғы 19 килограмм, екі аяғы да 19 килограмм. Ең кішкентайы ретінде минасымен бірге ағаш тартпаны тасыдым. Миномет бөліктерін көтере алмадым.
– Майданға түскеніңізде қандай қаруыңыз болды?
– Басында карабин алдым. Сосын десантшілерге ППС автоматы берілді. Үш мүйіз. Жеңіл еді, шүйдесі шалқаятын. Жақсы автомат. Бізге ұнайтын, бірақ карабин жақсырақ. Карабиннің сүңгісі бар. Бес оқ салып, атсаң, өлтіргеніңді анық білесің. Ал автоматқа құм түсіп кетсе, үні өшеді. Атылмай қалып, өзіңе қауіп төндіреді. Карабин сені ешқашан сатып кетпейді. Одан басқа бізге финик пен үш граната берілді. Оқты қапшыққа салдық. Тапаншаны керек қылғандар тапаншаға ие болды, мен алмадым.
– Қапшыққа әдетте не салынатын еді?
– Кепкен нан, нан, азғандай "шпик" салатынбыз, негізінен оқ-дәрі. Тылға кетерде тамақ туралы ойламадық та, мүмкіндігінше көп оқ пен гранат алдық.
– "Тіл алу" болды ма?
– Болды. Карпатада күндіз қолға түсірдік. Взвод командиріне тез арада "тіл алуға" бұйрық берілді. Бүкіл взвод болып бардық. Немістердің тұтас қорғаныстары жоқ екен. Біз тіке шабуылдап, ашық алаңды жүгіріп басып өтіп, тылға немістерге жетіп, қолға түсетін адам іздегіміз келген. Жүгіре бастағанымызда неміс пулеметі іске қосылды. Бәріміз жата қалдық. Кейін қайтып, орманмен айналып өттік. Дәл сол алаңға тек басқа жағынан, немістер жатқан жағынан келдік. Қарасақ, окоптағы екі пулеметші біздің қорғаныс жаққа қарап жатыр. Лагунов Николай екеуіміз бардық. Түк қорыққанымыз жоқ, өйткені олар бізді көрмеді. Арттарынан келдік те: "Хальт! Хенде хох!" - дедік. Олар тапаншаларына жармасты. Біз автоматтан бір-екі атып жібергенімізбен, оларды өлтірмедік – олар бізге тірі күйінде керек болды. Осы сәтте қалған жігіттер жүгіріп келді. Олардың... олар да жас жігіттер екен... тапаншаларын, пулеметтерін тартып алды да, тұтқындап алып кетті. Осылайша екі сағаттың ішінде штаб бұйрығын орындадық. Осылай тұтқынға түсіруге тура келді... Әлдебір шоқыда фрицтер бекініп жатыр екен. Оларды қолға түсіріп, алып келу керек. Қатардағы сарбазды емес, офицерді... Барлаушы өмір бойы жер бауырлап жорғалайды. Басқалары аяқпен жүреді, ұшқыштар ұшады, артиллерияшылар 20 километрден тұрып атады, ал барлаушылар өмір бойы жер бауырлайды... Жер бауырлап жүріп, бір-бірімізді құтқарамыз...
– Іздеуге шыққанда қандай киім кидіңіздер?
– Бүркеніш халаттар болды. Қыста ақ, жазда ала-құла.
– Неміс қаруын қолдандыңыздар ма?
– Бір-ақ рет қана. Венгрияда шоқыға шықтық. Ол жақта салтанатты вилла тұр екен. Сонда тоқтайық дедік, қатты шаршадық. Қарауылшы да, күзетші де қоймадық, бәріміз ұйықтап кеттік. Таңертең арамыздағы бір адам күшін жинайын деді. Сиыр қораға қараса, неміс сарбазы сиыр сауып отыр екен! Үйге жүгіріп келді. Дабыл қақты. Қарғып тұрдық, неміс қашып кетіпті. Сөйтсек, немістер жақын жерде екен. 24-ақ адам едік, бірақ, шабуылдап, автоматтан оқ аттық, оларды қоршай бастадық. Олар қашты. 1945 жылы олар қашумен болды. Николай Куцеконь неміс пулеметін алды. Біз шоқыдан түстік. Тік жарға келіп тоқтап қалдық. Астында 5-10 венгер сарбазы отыр екен. Біз оларға гранат лақтырдық, Куцеконь пулеметтен атты... Ол өте жылдам атады, біздікі та-та-та болса, оныкі тру-тру-тру... Ешкім қашпады.
Жалғасы...