Илья Эренбург. «Қазақтар» #2

Басы

Жауынгер Тұрсынбаев Тынық мұхиты жағалауында Қазақстанын қорғады. Қиын күн болды: біздің жігіттер жаңа шекараны қорғау үшін шабуылға шықты. Бірақ немістер оғы командирге тиді. Барлығы абыржып, не қыларын білмей қалды. Тұрсынбаев алдыға шықты да: «За Родину!» деп айқайлады. Одан кейін «Отан үшін!» деп қазақшалап қайталады. Взводты немістерге бір табан жақындатты. Жау кейін шегінді. Тұрсынбаев ұрыс аяқталған соң: «Немістерді қыру – менің кішкене ғана ерлігім, біз бәріміз біріксек – үлкен күшке ие боламыз», - деді.

Қазақ Ырысов жауынгерлерді ұрысқа бастап барды. Өзі жаралы болса да оқ тиген командирді ұрыс даласынан алып шықты. Ырысовқа командирі: «Санчастіге бар», - деді. Ол: «Жоқ, соғысуға барам», - деп жауап берді. Майданға кетіп бара жатқан Әшім Қасқабаевті бүтін ауыл болып шығарып салды. Әшімнің әкесі, сақалды қазақ баласына былай деді: «Әшім, біздің жеріміздің қандай екенін ұмытпа. Жеріміз жақсы – бұл жерде бидай да, қарбыз да, кендір де - бәрі бар. Бұл - сенің жерің, неміске берме» деді. Әшім пулеметчик болды. Ауыр күннің бірі еді. Немістер шабуылға шықты. Мина таусылды. Әшім қолына винтовка алып, «Көзін құрт немістің» деп жауға қарай жүгірді. Оның соңынан басқа жолдастары да жүгірді. Әшім неміс офицерін найзамен түйреді. Сол күні ол 4 рет шаппа-шап соғысқа қатысты, бірнеше немісті түйреді. Әшім жарақат алып қалды. Оған жолдастары: «Қасқабаев, саған госпитальға бару керек» деді, оған Әшім: «Госпитальдың керегі жоқ, одан да немістерді жою керек» деп жауап беріп, қатарда қалды. Жігіттер осылай соғысты.

Ленинградты қорғаушы қазақ Көкжалин шабуылға кетіп бара жатқанда снаряд қаруын ортасынан бөліп тастады. Ол қорыққан жоқ. Жауға гранатпен шықты. Қазақтар далада атқа мініп өскен. Керек болса олар еңбектейді, жүгіреді, батпаққа да түседі, оларды ешнәрсе тоқтата алмайды.

Отанға берілгендік отпен тексеріледі. Сабанды отқа салсаң, жанып кетеді, болатты отқа қойсаң шыңдалады. Бір құдай екіншісін жек көретін, венгр румынды тұншықтыратын Гитлердің «Жаңа Еуропасына» обал-ақ. Біз өртті тұтатамыз. Олардан істеген ісі үшін жауап беретін сәт туғанда бір неміс екінші немісті өлтіре салады. Соғыс отының ортасында біздің Отанымыз үш есе күштірек бола түсті. Қазақтар орыстармен теңдей соғысты. Біз бірге өртенеміз, бірге ұрысамыз, жеңістің алғашқы кезеңіне бірге қуанатын боламыз.

18 ақпан, 1942 жыл