Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
БАСЫ
...Госпитальде бірқалыпты өмір өтіп жатты. Сүйек ақырындап орнына келе бастады, бірақ түзу бекімеді. Бірнеше рет қайта сындырып, қайтадан гипспен матады. Басқа құрбылары сирек ұшып, жаңалықтарын жазып, хат жіберіп тұрды. Қолына хат алғанда қуаныштан жүзі бал-бұл жанатын еді.
Күңіренген күзде Катя полкке оралды. Бұл кезде балдақты таяққа ауыстырды. Оны ендігі өмірден үміт үзгендер қатарына қосып, жазылып кетуін екіталай көрген еді.
Катя таяқты да тастап, өзі жүре алатын болғанда тағы да ұшқысы келетін ниет білдіріп, рұқсат алды. Алғашында қызға кабинаға отыру аса қиынға соқты. Бірақ қиындыққа мойымай, ұшақпен барлық әскери тапсырманы қалтқысыз орындап жүрді. Штабтың кезекші командиріне толық орындалған тапсырма жөнінде есеп тапсырды.
Қырымды азат ету ұрысы кезеңінде біздің полк, ұщһшқыш қыздар, штурман – барлығына теңіз үстінде ұшып жүруге бой үйретуге тура келді.
Суға қонатын жағдай болып қалуы мүмкін екенін ескеріп, жазғы құрамның барлығына бірдей суда жүзетін күртеше үйлестірілді. Бұл күртешелерді біз комбинезонның сыртынан киіп жүрдік.
Хуаз Доспанова туған жері Қазақстанға соғыс аяқталғанда ғана бір-ақ оралды. Отанына оралған соң, Алматыда өткен митингте былай деді: «Біз от ортасында соғыстың қаһарын тартып келдік. Қаншама өлген адамды, сұмдықты, қорқынышты, адам азабын көрдік. Бала болдық, жас болдық, қыз болдық, соғыстың басында немістерге айдалып кеттік. Міне, ол жақтан қартайып келіп тұрмыз. Еліміздің басына жазылған қиыншылық кезеңді ешқашан ұмытпаймыз және ұрпақтарымыз сондай тар заманды қайтадан бастан кешуіне жол бермейміз!»
Менің құрбым өте жақсы сөздер айтты және өзі айтқаннан да жоғары бағаға лайықты.
Марина Чечнева «Менің жауынгер құрбыларым»