Хиуаз Доспанова туралы #5

Хиуаз Доспанова туралы #5
Фото: voxpopuli.kz

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

БАСЫ

Славян станицасын азат еткеннен кейін, біраз уақыт өткен соң Катя Пашкованың жақындарымен көрісті. Үйі ескірмеген, отбасы аман-сау. Бірақ, өкінішке орай, ол кезде Юля жоқ еді.

Бұл 1943 жылы көктемде орын алған оқиға еді. Біздің майдан жауынгерлері тапсырма алды: Кубан және Таман түбектерін толықтай жаулау. Жау жағы тоқтаусыз қарсыласты. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс өте жақсы ұйымдастырылған, біздің аэродром фашистер әуесінде болды.

Біз барынша сақ болдық. Ұшақ төмендейді, айнала тас қараңғы, жер көрінбейді. Жақындағанымыз тек қара топырақ пен сыз иісінен ғана білінеді. Қонарда отты тек жақыннан ғана ажыратуға болады. Өзіміз және аэродром көрініп қалмас үшін борттағы отты да жаққан жоқпыз. Алдымыз, артымыз, жанымыз – жан-жағымыздың барлығы қауіпке толы. Қатер өзіңді қысқышпен қысып, жаншылап тұрғандай сезінесің. Бірнеше минуттан соң жаңа ұшақ ұшады (ол кезде түнде алты-жетеуі болатын).

Біз «ұзақ түн» атаған осындай түндердің бірінде Пашкова – Доспанова экипажы әскери тапсырма орындап, қайта оралды. Штурман есебі бойынша майдан сызығы артта қалды, ал ұшақ аэродром маңайында болуы керек. Шыныда да қыздар маяк жарығын көрді, күңгірт отты қону дыбысын естіді. Катяның есінде басқа ештеңе жоқ. Ол көзін ашса, құлаған ұшақтардың арасында жатқанын біліп, құрбысының атын атап шақыра бастады. Әлсіреген дауыспен Юля орнынан тұруға да, қозғалуға да шамасы жоқ екенін айтты. Құрбы қыздар әуеге атып, көмек шақыру керек деп шешті. Егер жау келіп қалса, өз өзімізді атамыз деп келісті. Катя пистолетіне ұмтылып еді, оқыс қозғалып қалғандықтан, тағы да есінен танып қалды. Таң ата біз қорқынышты хабар естідік. Қонуға жақындағанда әуедегі екі ұшақ апатқа ұшыраған. Эскадрилья командирі Полина Макагон, эскадрилья штурманы Лида Свистунова және ұшқыш Юля Пашкова көз жұмды. Төрт қыздың ішінде Хиуаз Доспанова ғана аман қалды. Ол оырндыққа отырғанда белбеуін тақпай, ағытып қоятын еді. Осы әдеті оны өлімнен арашалап қалды. Бұл үшін командирінен бірнеше рет ескерту алса да, әдетін тастамаған екен. Міне, бұл жағдайда да осылай етті. Катя ұшар кезде белдігін ағытып қояды да, ұшақ жерге құлағанда оны штурман кабинасынан лақтырып жіберген. Қыздың екі аяғының да сүйектері шытынаған болып шықты.

Доспанова ауыр жағдайда жатқанда оған Юля жараланып, медициналық-санитарлық батальонда жатыр деп айтылды. Бірақ шындықты айтатын да уақыт келді. Сүйікті құрбысының қазасы Катяға қатты соққы боп тиді...

@. @assel_assanova