Хиуаз Доспанова туралы #4

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

БАСЫ

Катя Доспанова мен Полина Белкина келесі рейске асықпай-аптықпай дайындалды. Қаруландырушылар ұшаққа бомба іліп берді. Ұшқыш қыз моторды оталдырып, экипажға ұшамыз деген белгі берді. Машина гүрілдей жөнелді. Қыздар оқыс қозғалып қалып, Катя есінен танып қалды.

Ұшқанда моторды жіберіп қалып, шөмелеге құлаған екен. Доспанова құрал-сайман тақтасына бетін соқты. Оның миы шайқалды. Бақытына қарай, соғылғанда бомба жарылмай қалған екен. Катяны дала госпиталіне жіберді де, Палинаны полк дәрігері Ольга Жуковскийдің қарауында қалдырды.

Доспановаға госпитальде бір айдан астам уақыт жатуға тура келді. Дәрігер бақылауымен жаттығулар жасап, айыға бастады. Табандылық тағы да жеңді. Катя қайтадан ұщу бақытына ие болды.

Бұл мезгілде полк жаңа құраммен толыққан еді. Катю Доспанова енді жас ұшқыш қыз Юля Пашковамен бірге ұшатын болды. Жиырма жасар комсомол қыз Пошкова ұшу техникасын тым тез әрі тамаша игеріп алды. Штурманы Катя Доспановамен бірге берілген ең қиын тапсырманы да мүлтіксіз орындады.

Көктемнің кешінде олардың экипажы Славян тізбегіндегі фашистік штабты бомбалауға аттанды. Иізбек алдындағы биіктікті бағындырып, қоршалған шаршы аймаққа кіруге бағытталды. Дәл осы кезде Катя сөйлесу аппаратынан еңкілдеп жылаған дауыс есттіді. Бұрын соңды мұндайды бастан кешпеген, көзі атыздай боп кетті.

– Не болды? – деп сұрады Катя шошынған дауыспен.

– Бұл менің туған станицам, мұнда менің ата-анам, туыстарым тұрады.

Катя құрбысын тыныштандырып, бомбаны дәл тастауға уәде берді. Тапсырманы дұрыс орындаған соң, қыздар Юляның үйі көрінбес пе екен деген оймен әуеде қалықтап бірнеше айналым ұшып жүрді. Бірақ ол жерде ештеңе көру мүмкін емес еді...

Жалғасы бар