Хиуаз Доспанова туралы #3

Хиуаз Доспанова туралы #3
Фото: video-pro-koshak.ru

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

БАСЫ

Біз түнгі мезгілде ұшуға үйреніп қалдық. Әуеде түнгі мезгілде де күндізгідей қорықпастан, сенімді түрде ұшатын болдық. Айналамызды барлайтын нәрселер көп еді: прожектор сәулесі, алыстан жымыңдап от көрінеді, өзен, көл не қойнау, түнгі аспанға жайғасқан жұлдыздар. Курсты анықтау үшін солардың бірінің тұрған орнын жаттап алсақ жеткілікті. Әсіресе, қайтар жолда өзің тұрған аэродром орнын есте сақтау маңызды. Әскери тапсырманы орындау барысында белгіленген бағыттан бас тартуға тура келетін сәттер болды. Міне, осы кезде белгілі орындарды есте сақтау қабілетіміз көмекке келеді. Ал Доспанова майдан жолында өз аэродромын адаспай тауып отырып, берілген тапсырманы мүлтіксіз орындады.

Бір күні түнде Моздок ауданында жаудың бекітілген бағытын бомбалауға Белкина-Доспанова экипажы ұшып барды. Доспанова САБ деген әуе бомбасы түрін дайындады. Бірақ оны лақтыра алмады, жерде ондаған прожекторлар жарығы кедергі болды. Енді не істеу керек? Белгіленген жерге ойланбай бара берер болса – қазаға душар болары анық.  Басқа әдісін іздесең, уақыт өлтіресің.

Кенет күтпеген жерден көмек келді. Олардың ұшағына болар-болмас сәуле түсті. Ұшып бара жатқан біреу жоғарыдан САБ лақтырды. Жау назары соған ауды. Прожектор сәулесі аспанға оқ атуға мүмкіндік бермеді. Немістердің кедергісін өз пайдасына жаратып, Белкина-Доспанова экипажы жау объектісіне бомбаны дәл тигізді. Кейін белгілі болды: сол объектке жылдам бомбалаушылармен бір мезгілде бомба тастаған екен.

1942 жылы күз мезгілінде Кавказда кескілескен шайқас болды. Күңіренген күздің келгені де байқалмай қалды. Қар түсе қоймағанымен, күн сайын нөсерлеген жаңбыр төпеп тұрды. Таудан тұман түсіп, аспанды қара бұлт торлады.

Бұл күндері бізге майдан жолындағы тым кішкентай аэродромда тұрақтауға тура келді. Тұрған жерімізді анықтау үшін шекарадағы шөп шөмелесі көп кқөмектесті.

Жалғасы бар

@. @assel_assanova