Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
БАСЫ
Орал қаласы мектептерінің бірінде томпақша келген Хиуаз қыз оқыды. Әуе жайлы армандады. Сол қиялымен аэроклубқа түсті.
Екі жылдан соң кәмелеттік аттестаты мен куәлігін қолына алды. Оны Г.К.Жуков атындағы Әуе қорғанысы әскери академиясына қабылдамады. Оқу іздеп қайда бару керек?
Демалысын Жәнібектегі ата-анасының үйінде өткізді. Осы жерде жас дәрігер Мария Степановна Поповамен танысты.
– Адамдардың ауруын жазып, жарасын жеңілдетіп, жүзіне күлкі үйіріп, қол ұшын созғаннан артық бақыт жоқ, - деді Мария Степановна.
Хиуазға осы сөз әсер етіп, Мәскеудегі Алғашқы мемлекеттік медицина институтына арыз жазды. Үздік аттестаты болғандықтан, өту емтиханынан босатылды. Сөйтіп, болашақ дәрігер, студент атанды.
Дәрістерді тыңдап, зертханалық және оқу залдарына біраз уақытын арнай жүріп, мұражай мен театрға барудан да қалыс қалмады. Бірақ сұрапыл соғыс жылдары бәрін өзгертіп жіберді.
Радиодан беріліп жатқан соғыс хабарын естіп, майданға аттануға рұқсат алу үшін комсомолдар аудандық комитетіне барғанда кезекті метрополитен құрылысына тап болды. Онда жұмыс өте ауыр. Жан төзбес жағдайда, тізеден келетін лай батпақта жерді бұрғылау керек, жерден арба жеткізіп, шахтаны бекіту қажет. 1941 жылдың жазы осылай өтті.
Оқу жылы басталғанда медициналық институт студенттері қайтадан оқуға келді. Ал Хиуаз ол жерден өзіне орын таппады. Оның ойында тек бір жай жүрді. «Мен қордағы ұшқышпын, менің орным майданда».
Рапорт, екінші, үшінші. Табандыға тағдыр да жақ. Доспанованы шабуылдау тобына, әуелік әйелдер бөліміне қабылдады. Оны Кеңес Одағының Батыры Марина Роскова құрды. Мұнда оны Хиуаз емес, Катя деп атады.
Әуелден бастап Доспанова тәжірибелі ұшқыш Палина Белкинамен бірге ұшу бақытына ие болды. Олардың өз тәсілдері бар еді. Олардың бағына орай, мотор дауысы бәсеңдетілген ұшақ бұйырды да, жаулар дауысы естілмеген соң аңғармай, сан соғып қалушы еді. Әр ұшқан сайын міндетін орындап, көздегеніне жетіп отырды. Катя картадан қай жерде зенитті батарея бар, қай жерде жаудың прожекторлық қондырғысы тұрғанын дәл анықтайтын. Оның жауынгерлік шеберлігі тез шыңдалды.
Жалғасы бар