Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
Доспанова Хиуаз
«Партиялық ұйымдастыру полкіне. Алғашқы әскери ұшуға аттанамын, мені Коммунистік партия қатарына қабылдауыңызды сұраймын. Егер оралмасам, мені коммунист деп есептеңіз».
Ол коммунистік шайқасқа барғысы келді.
Бірнеше минут өтті, Пискарева-Доспанова экипажы майдан алаңына жақындады. Түнде оқ атқан ұшқындар биіктен айқын көрініп тұрды. Сол бағыт бойынша өзіміз не жаулар оқ атып жатқанын анықтауға болатын еді.
Алдыңғы аймақтағы қыздар келесі бетке сәтті өтті. Шамасы, немістер кішкене ұшақты байқамаған болуы керек. Жаудың алаңында соғысу қиынға соқты, фашистер өз жерін бүркеп тастады. Тек болар-болмас дақтан ғана анықтауға болады. Катя Доспанова шабуылдаған ұшақ көздеген жерге дәл жетті. Ол көптеген техникалармен қамтылған Миус ауданы болатын.
– Сақ болыңыздар! Мақсатқа жақындаймыз.
Бір секунд, басқасы, үшіншісі...
Кенет оқ борады. Немістер ұшақты байқап қойды. Кабинаның ысырмасы түсіп қалды. Тағы біраз уақыттан соң Доспанова бомба лақтырды.
– Міне, сендерге!..
Ұшқыш қыз бұрылды да, өрт ортасынан шықты. Шабуылдаған жауға, түтінге қарамастан, техника бойынша бомба лақтырылды. Ол сонда өзіне риза болып, қорқынышты да жеңуге болатыны түсінді.
Біздің полкте оның жолы ауыр болды. Ауыр бола тұра, ерекше болды...
Жалғасы бар