Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
Бекішев Хакім Нұрғалиұлы халық емшісінің отбасында Солтүстік Қазақстан облысы, Жалтыр ауылында (қазіргі Шал ақын атындағы аудан) туған.
1927 жылы Ленин жастар одағының құрамына кіреді.
1929-1933 жж. Қазан университетінде оқыған.
1931-1933 жж. – әскерде қызмет еткен, САВО 3-ші атқыштар полкінің пулемет взводының командирі (Ашхабад қаласы).
1933-1935 жж. – Қарағанды облкеңесі ОСОАВИАХИМ оргбөлімінің бастығы (Петропавл қаласы).
1936-1939 жж. – республикалық военкоматтың әскери дайындық бөлімінің инструкторы (Алматы қаласы).
1939 жылы ВКП(б) құрамына кірді.
1939-1941 жж. – ТүркВО Жамбыл облысының Сарысу военкоматының райвоенкомы.
1941-1944 жж – 39-Әскери атқыштар батальонының командирі, 11-гвардиялық әскерінің дайындық штабының бөлім бастығының көмекшісі.
1944-1945 жж. – М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясының тыңдаушысы (Мәскеу қаласы).
1945-1946 жж. – 2-командир бригадасының атқыштар бөлімі командирінің орынбасары (Синьцзянь).
1946-1956 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы, Октябрьский ауданының райвоенкомы, Талдықорған облысы, Қапал ауданының райвоенкомы, Қарағанды облысы, Осакаров ауданының райвоенкомы.
1956-1976 ж. – Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындарында партиялық-басқарушы лауазымдарында болған.
1976-1986 жж. – С.Мұқанов Музей-үйінің ұйымдастырушысы және тұңғыш директоры (Алматы қаласы), Алматы қаласы, Фрунзе ауданының ардагерлер Кеңесін басқарған, "Батальон, алға!" кітабының авторы.
Екі Қызыл Жұлдыз орденімен, Отан соғысының І дәрежелі орденімен (екі рет), Әскери Қызыл Белгі орденімен, Шығыс-Түркістан республикасының ордені "Алтын Феданимен", "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.
Ерлігі мен жанқиярлығы үшін әскерлер өз командирлерін " темір сауыт киген комбат" деп атаған.
Әйелі Бекішева Камал Нұрғалиқызы кішкентай екі баласымен бірге майдан шебіне күйеуінің артынан аттанған.
Хакім Нұрғалиұылының 7 баласы (Марат, Маргарита, Майда, Мәриям, Розмари, Ямира, Хакімжан), 9 немересі, 10 шөбересі бар.