станада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында патриоттық акция өтті. Елорда қонақтары мен тұрғындарына он екі қазақстандық батыр - Ұлы Отан соғысына қатысушысының суреттері көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ұлы Отан соғысына қатысушыларының ішінде Кеңес Одағының батырлары Хиуаз Доспанова, Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қарсыбай Сыпатаев, Николай Терещенко, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Леонид Беда, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бегелдинов және Нүркен Әбдіров бар.
"Сауалнаманы жүргізушілер тұрғындардан батырларды суреттеріне қарап танып, олардың аты-жөнін, даңқты ерліктері мен қызметтері туралы әңгімелеп беруді сұрады. Сауалнама нәтижелері бойынша ең танымал Әлия Молдағұлованың портреті болды. Мерген-батыр қызымызды акцияға қатысушылардың барлығы танитындығын мәлімдеді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Сауалнама аяқталысымен қатысушыларға ҰОС батырлары туралы танымдық мәліметтері бар арнайы ақпараттық кітапшалар таратылды.
сурет: ©mod.gov.kz