Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
– Өздеріңіз дәл тигіздіңіздер ме?
– Бізде болған жоқ. Егер болған күнде де оны айтпаймыз. Сапун-Гора түбінде бізідң алдымызда бір батарея тұрды. Бірақ батареяны бірде біліп қалды. Оған полк командирі кінәлі еді. Ондай-ондай болып тұрады. Ересек адамдар да қателеседі.
– Өзіңіз «катюша» оғына ұшырап қалған жоқсыз ба?
– Жоқ, ондай болған жоқ.
– Ұшқыны мол шашырайтын ба еді?
– Қалай айтсам болады. Біз алаңқайдан, немістер орналасқан бағытқа қарай аттық. Ол жерден шашырауы аса маңызды болған жоқ.
– Жаяу әскердегі көпшілігі «катюша» дүркінін құлағы шалғанда, шошып кететінін жиі еске алады. Сізде ондай болмады ма?
– Иә. Бірінші снаряд ұшқанда -ж-ж-ж деген қорқынышты дауыс шыққанда, өзіңмен өзің дегбірің қашады.
– Өз жұмысыңыздың нәтижесіне куә болдыңыз ба?
– Қалағаныңша көресің. Қорқынышты іс.
– Сіздің бригадаңыз қандай машинаға қондырылған еді?
– Басында ЗИС болды, бірақ ЗИС әлсіз еді. Одан соң студебеккерге көштік, ол тамаша көлік болды.
– Бригадаңызда көлікпен қамтылмаған деген болушы ма еді?
– Мен ондайды байқамадым.
– Бриагадада адам шығыны көп болды ма?
– Жоқ. Мен бір-ақ рет жраландым, онда да өзімнің ақымақтығым кесірінен. 30% адам шығынын – соншалықты көп шығынға жатқызуға келмес.
– Снарядтар әрдайым жеткілікті болды ма?
– Иә. Біздің бригадада снаряд жеткізіп тұратын үш линиядағы дивизион және бір парктік дивизион бар еді. Снаряд жетіспеушілік жөнінен ешкім қиналған жоқ.
– Жеке қаруыңыз болды ма?
– ТТ пистолеті.
– Қолдануға тура келетін сәт кездесті ме?
– Жоқ. Біз тылдағы әскерміз.
– Сіздің бригадаңыз қандай ұлт өкілдерінен құралды?
– Украин, белорус, татар. Еврейлер бар еді, бригада штабының бастығы Штальбаум атты еврей болды. Бригада командирінің орынбасары Скирда - украин. Бриага командирі Родичев Михаил Матвеевич орыс. Қазақтар аз еді, барлық бригадада үш қазақ болды. Біреуі жауынгер, біреуі взвод колмандирі, біреуі мен, дивизион командирі. Бригада көбісі орыстар еді. Біз әлеуетті әскер саналдық. Бірден гвардиялық шен беріп, жаяу әскерге қарағанда екі есе төлдейтін еді.
– Ұлттар арасынд ешқандай қақтығыс болған жоқ па?
– Жоқ. Бізды соғыста жеңіске жеткізген үш себеп бар. Біріншісі – коммунистер партиясының басқармасы. Екіншісі – халықтар достығы. Үшінші – біз соғыс алдында өнеркәсіптік негізімізді қалап үлгердік. Қазір ұлы орыс залқы деген сөз айтылмайтын болды. Қазір барлық ұлт бір қалыпқа келді. Мәскеуге барғанымда мені бірегей ұлт өкілі деп қараушы еді. Ол кезде ұлттар достастығы аса жоғары бағаланды, бірінші орында тұрды.
– Соғыстан қандай марапаттар алдыңыз?
– Екі рет Қызыл Жұлдыз орденімен, Ұлы Отан соғысы орденімен марапаттады. Алғашқы орденге Солтүстік-Батыс майданда ие болдым, екіншісі – Сандомирде.
– Нақты бір ерлігіңіз үшін марапаттады ма әлде жалпылама жауынгерлігіңіз үшін бе?
– Жалпылама көрсеткен қаһармандығымыз үшін марапаттады. Мен жаяу әскер қатарынан емеспін ғой, неше адам өлтіргеніңді көзбен көрмейсің.
– Жақсы жабдықтады ма?
– Әртүрлі болды. Бар қиындық жаяу әскерде, ату бөлімінде болды.
– 100 грам берді ме?
– Иә, қосымша құтымызда да үнемі спирт жүрді. Бірақ ішпейтін едік. Біздің бригада командиріміз Скирда деген кісі болды. Маған дивизионға келді де, сөйлесуіміз керек деді. Сөйлесейік, сосын үстелге отырамыз. «Маған қанша керек екенін білесміз ғой» деді. Екі саптыаяқ іштік те, сұлы ботқасын жедік. Бірақ мен мас болып жүрген адам көрген емеспін. Барлығының жүйкесі мықты болды. Адамдар тіпті ауырған да жоқ.
– Немістерге қалай қарадыңыздар?
– Германияға барғанда алғашқы күндері олар қалай қараса, біз де солай қарадық. Григорий Грицко деген ординар, донбас шахтері бар еді. Оның отбасындағы барлық әйел адамды Германияға айдады, ағасын өлтірді, Грицко кегін қайтарды.
Сонымен бірге Эренбург бүкіл соғыс бойы: «Немістің көзін құрт. Егер сен немісті өлтірмесең, неміс сенің көзіңді жояды. Фашисті емес – немісті өлтір!» деп үндеді. Олар сендердің ата-аналарыңа қастандық қылды – өлтіріңдер! Германияға келгеннен кейін он бес күн осындай жай болды. Одан соң Сталин шықты да, неміс халқы кінәлі емес екенін айтты. Газетте Эренбург дұрыс емес деген мақалалар шықты. Германияға барған алғашқы сәттерде біз де немістерге қоқан лоқы көрсеттік.
– Олжалы болдыңыздар ма?
– Бізге сәлемдеме жіберуге рұқсат етілді. Офицерлер 10 кг, жауынгерлер 5 кг дәм-тұз жіберуге құқылы еді. Мен өзімді балалар үйіне орналастырып, адам қылған қартқа екі рет сәлемдеме салып жібергенмін.
– Өзіңізбен бірнәрсе ал келдіңіз бе?
– Жоқ. Менің тек сағатым болды. Ал дивизион шаруашылық бөлімінің бастығы Рогалев вагон алып келді.
– Майданда қорқынышты болды ма?
– Соғыс – әрқашан қорқынышты. Өлімнен қорықпаймын деген адамға сенбеймін. Өлім барлығына да қорқыныш ұялатады.