- Негізгі бет
- 9 мамыр 2015
- Алдан Отарбаев жеңіске...
Алдан Отарбаев жеңіске 21 күн қалғанда қаза тапты
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
Отарбаев Алдан соғыс аяқталуға 21 күн қалғанда Кюстрин қаласында қаза тапты. 1944 жылы 26 тамызда Молдава ССР, Бендер ауданы, Альбина ауылында Алдан Отарбаев 3 пулеметпен 40-қа жуық солдат пен офицерді жер жастандырды. Одан соң жақын жердегі ашық шайқаста тағы 4 немісті өлтірді. 1944 жылғы ерлігі үшін 310-шы мотоатқыштар дивизиясы Отарбаевты III дәрежелі Даңқ орденімен марапаттады, шайқасқа аса жақсы дайындалғаны үшін оған сержант атағы берілді. Ортвиг қаласы маңындағы Одер өзенінде жауға қасқая қарсы тұрып, батылдық көрсетті. Бұл 1945 жылы 2 ақпан болатын. Осы қаһармандығы үшін командир жарлығы бойынша «Қызыл Жұлдыз» ордені табысталды. 1945 жылы сәуірдің 14-нен 18-не дейінгі ұрыста Одер өзенінің батыс бетінде 4 пулеметті және 20 гитлершінің көзін жойып, өзі ауыр жарақат алды. 1945 жылы 18 сәуірде Кюстрин қаласының маңайына жерленді.
СССР мұрағатында Алдан Отарбаевтың қазасы жайында: «1922 жылы туылған Шымбайдың тумысы Алдан Отарбаев Германияда Кюстрин қаласының жанында, стадионның батыс жағына жерленді. Ол 23 жасында жарқын болашағына жете алмай жарық дүниемен қош айтысты» деп жазылған.
@. @assel_assanova