«Калашников» концерні – Ресейдегі қару-жарақ жасайтын алпауыт зауыттардың бірі һәм бірегейі. Бұл алпауыт концерн Жеңістің 70 жылдығына орай атақты Калашников (АК-47) қаруын жетілдіріп, қуат күші 1,5 есеге артқан жаңа қару жасап шықты. Калашников қаруының дамытылған, жетілдірілген жаңа нұсқасы ертең Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған шеруде таныстырылады.
Естеріңізге сала кетейік, Калашников автоматы – өзінің қарапайымдылығы, төзімділігі, қуаттылығының арқасында төрткүл дүниеге тарап, аңызға айналған қару. Оның мықтылығы – бүгінге дейін 100 000 000 данасы шығарылып, жарты әлемге экспортталуында. Ал алғашқы түпнұсқасының (АК-47) заман ағымына байланысты жаңартылған ондаған түрі бар. Кеңес Одағының тұсында дүниеге келген қаруды кейінірек Болгария, Венгрия, Германия, Қытай, Польша, Солтүстік Корея, Югославия, т.б. мемлекеттер өз елдерінде өндірген. Сондай-ақ, бұл қару ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әлемде туындаған барлық қақтығыста қолданылды.
Енді тақырыбымызға қайта оралсақ, Калашников концернінің құрастырушылары қарудың күшін ғана арттырмаған. Жаңа нұсқа жаңа мүмкіндікке ие. Мысалы, жаңа қаруға электронды оптикалық көздеуіш, лазерлі көрсеткіш, қару-жарақ шамы, атылыс дыбысын бәсеңдеткіш пен ыңғайлы өрт сөндіргішті қосымша орнатуға болады.
Құрастырушылар: «Қарудың жаңа нұсқасы кез келген тактикалық тапсырмаларда өз әмбебаптылығын әрі тиімділігін көрсете алады. Қаруды жаппай өндірудің де соңғы баспалдақтары қалды», - дейді.
Ұқсас жазбалар:
82 кітапқа редактор болған ардагер
Сарбаздар өмірінен бір үзік сыр (видео)