Немістердің Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі тұтқындар ұстайтын негізгі лагерлерінің бірі - «Црвени Крст». Лагерь Сербияның Ниш қаласы маңындағы Црвени Крст теміржол стансасына жақын маңға 1941 жылы салынған.
«Црвени Крст» тұтқындар лагерінде немістер қолға түскендерді аяусыз қинап, түрлі тәжірибелерден өткізген. Медициналық эксперименттер жасап, жантүршігерлік қадамдарға барған. 3 жылдан астам уақыт ішінде 30 000 жуық адам бұл лагерде болған. Оның көпшілігі жаудың қолынан қаза тапқан. Жау әскері тұтқынға түскендерді Ниш қаласының шет жағында орналасқан Бубань елдімекеніне сейсенбі және жұма күндері апарып, ату жазасына кескен.
Сербиядағы лагерде көбіне евреи, сыған, Кеңес әскері мен олардың отбасы мүшелері тұтқында ұсталған. 1944 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жұмыс жасаған лагерде 12 000 жуық адам ату жазасына кесілген. Ал соғыстың аяқталуына бір жылдай уақыт қалғанда Югославия әскері лагерді азат еткен. Ал оған дейін немістер тұтқындарды өзге лагерлерге көшіріп үлгерген.
1942 жылдың 12 ақпанында тұтқындар қашу жоспарын құрып, лагердің жөндеу жұмыстары кезінде өз мақсаттарын жүзеге асырған. 150-ге жуық тұтқынның 100-ге жуығы ажал оғынан аман қалса, қалғаны жау оғынан мерт болған. 1987 жылы осы оқиғаға байланысты «Ниш лагері» атты фильм түсірілді.
1979 жылы «Црвени Крст» тұтқындар лагері мемлекет қорғауындағы мәдениет ескерткіші ретінде есепке алынып, мұражайға айналды. Десе де туристер үшін бұрынғы лагерь ғимаратының бірінші қабатын аралауға ғана рұқсат етілген. Ал екінші қабатына жан баласын кіргізбей, құпия сақтап келеді.
Лагердің негізгі ғимаратының іргетасы 1930 жылы қаланған
Мұражайға айналған «Црвени Крест» алаңқайы
Мұражай кассасы
Тұтқындар тұрақтаған бөлме
Мұражайдың бірінші қабатынан көрініс
Тұтқындарға арналған кісендер
Күзетші мұнарасы
Ұқсас жазбалар:
Саласпилс еңбек лагері туралы
9 мамыр. Собибор өлім лагері туралы білесіз бе?