- Негізгі бет
- 9 мамыр 2015
- 9 мамыр. "Соғыста...
9 мамыр. "Соғыста командирлер екі күн сайын мерт болып отырды"
Бұған дейін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай Tengrinews.kz "Победители" жобасы шеңберінде соғысқа қатысқан және тылда еңбек еткен қазақстандықтар туралы мәліметтер мұрағатын жариялай бастағанын айтқан едік. Бүгін назарларыңызға соғыс ардагері Жақыпов Әбдіманап туралы баяндаймыз.
Кейбір деректерге қарағанда Ұлы Отан соғысы кезінде командирлер батальондарын бар-жоғы 30 күннен басқарған екен. Ал рота командирлері орташа есеппен 7 күн, взвод командирлері бір-екі күн басқарған. Себебі, осы уақыт ішінде көбі не мерт болып, не жараланып отырған. Әкеміз төрт рет ауыр жараланған, 1-топтағы мүгедек.
Біріншісі: "Максим" пулеметінен атып жатқанда жау оғы пулеметтің тұтқасын ұстаған екі қолдың буынын тесіп өтіп, екінші нөмірлі пулеметшінің самайынан тиген. Әлгі пулеметші мерт болған екен. Содан әкеміз қолдың сіңірі тартылып саусақтары жұдырық болып жұмылып қалады. Госпитальда әскерге жарамсыз деп елге қайтармақ болғанда әкеміз алақанына жіңішке ағаш кіргізіп, сол арқылы саусақтарын аша бастаған. Соны көрген дәрігер балалар ойнайтын кішкене резеңке доп тауып беріп, алақанға кіргізіп, массаж жасатып, саусақтарын қайта ашыпты.
Толығырақ мына жерден оқыңыз
Е. Қайрахан