«Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң,
Жауды күйрете алмайсың!»
Б. Момышұлы
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 70 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты соғыс та ұмытылмайтын ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл мыңдаған ұрпақ үшін мереке. Бұл мереке - бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Біздің аталарымыз бен әжелеріміздің батылдығы мен жанқиярлығы, өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеудің, жоғары адамгершіліктің негізі болмақ. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.
9 мамыр – мереке ғана емес, ауыр еңбек пен халықтың батырлығы. Біздің парызымыз – бұл күнді есте сақтау.
Біздің ардагерлеріміз! Олар кемде-кем қалды. Оларға лайықты кәрілікті қамтамасыз ету, көмектесу керек.
Ешқашан жауынгер мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгін біздің азаматтық міндетіміз - болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоты болуға, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей бірікке кеңпейіл Қазақ елі жасасын!
Жолдаған: Ынтымақов Жандос
Б.Атыханұлы атындағы
№ 36 гимназиясының
9 сынып оқушысы
Сурет:fergana.info