Бұл ұшақ осы күнге дейін 5 метр батпақ түбінде жатқан. Оны шымтезек қазып жатқан жерінен тауып алған. Сонымен қатар мамандар құрамы сол жерден ірі калибрлі зеңбірек пен қозғалтқыш тапқан. Онда сериялық нөміріне дейін белгіленіп тұр екен.
Ұшақ жан-жағынан атылып, өртеніп батпаққа барып құлаған. Шалшықтың ішінде 50 жылдан астам уақыт жатқандықтан, ұшақтың сырты адам көргісіз. Алайда бортта тұрған ұшқыштың киімдері сол күйінде сақталған.
ЯК-9 1944 жылы өзінің соңғы ұшу жаттығуына жөнелтілген. Ол кеңес әскерлерінің шабуылынан 2 күн бұрын болған оқиға. Сондықтан істің анық-қанығы әлі анықталып жатыр. Толығырақ төмендегі видеодан көре аласыздар.
Сурет: forum.warthunder.ru
Оқи отырыңыз:
Дон өзенінің түбінен әлемдегі ең мықты танк табылды
Темір жол туралы қызықты деректер
Әйгілі ұшақ көл түбінен табылды
26 жастағы мысық Гиннестің рекордтар кітабына енді