1941-1945 жылдары орын алған алапат айқастың Ұлы Алаш үшін жеңіспен аяқталғанына биыл 70 жыл! Осы соғысқа барып өз борышын адал атқарған менің атам - Тоқышбекұлы Баймахан 1924 жылы Меркі ауылында, шаруа отбасында дүниеге келген. Қазіргі №20 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде 7 жылдық білім алған.
Атам Тоқышбекұлы Баймаханның марапаттаулары: 1946 жылы Германияны жеңгені үшін медалі, 1954 жылы «Үздік милиция қызметкері» медалі, 1965 жылы «Жеңістің 20 жылдығы», 1969 жылы «Қарулы күштерге 50 жыл» медалі, 1970 жылы «Жеңістің 25 жылдығы» медалі, 1975 жылы «Жеңістің 30 жылдығы» медалі, 1978 жылы «Қарулы күштерге 60 жыл» медалі, 1984 жылы «Еңбек ардагері» медалі, 1985 жылы «Жеңістің 40 жылдығы» медалі, «Ұлы Отан Соғысының II – дәрежелі ордені». Бүгінде атамның 20 немересі 15 шөбересі бар, бірақта, өзі ортамызда жоқ. Егер тірі болса ардагер атам биыл 91 жасқа толар еді. Мен жауынгер атама өз жүрегімнен шыққан жырымды тарту етіп, өзімнің соғыс ардагерінің немересі екенімді мақтан етемін.
Мың құбылып тұрса дағы бар маңы,
Алға бастар адамзатты ар заңы.
Маңдайына туа біткен қазақтың,
Менің атам - ұлы Алаштың тарланы.
Сұм соғыста айқасып дұшпанымен,
Қиын–қыстау басынан күндер өткен.
Бір басында мың жылдық тарихы бар,
Мен атамды мәңгілік мақтан етем.
Нар тұлғалы, дархан мінез, дара шың,
Ерлігіңіз бар алашқа тарасын.
Ер есімі - ел есінде емес пе,
Ерлігіңмен мәңгі есте қаласың!
Арай Баймахан
Сурет: www.gazeta.ru
Оқи отырыңыз:
Массагет соғыс ардагерлері туралы естеліктер жинауды бастады
9 мамыр. "Соғыста командирлер екі күн сайын мерт болып отырды"
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ЯК - 9 ұшағы Латвиядан табылды
Мәскеуде Талғат Бигелдинов туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтеді