Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
Менің атам Төленов Дүйсенғали Төленұлы – ҰОС қатысушысы. Соғыс басталғанда небары 17 жаста болған. Гурьев облысында мұғалім болып қызмет еткен. 1941 жылы барлық үйді бірдей соғыс шарпыды. Атамекенінің патриоты ретінде атам да Отанын қорғау үшін майданға аттануға бел буды. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ аудандық әскери бөлімшеге хабарласып, өзін әскерге жіберуге өтініш білдірді. Мстислав ауданы, Темный лес ауылында жаумен шайқасты. Әлднеше рет жарақат алды. Соғыстағы ерлігі үшін алған көптеген марапаты бар. Атамның құрметіне көше, гимназия, мұражай атауы берілген.
Қуаныш Жұматаев