Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
Нұрымов Ғани Есқазыұлы
Ғани Есқазыұлы Нұрымов 1926 жылы туған. Оның әкесі Нұрымов Есқазы 1941 жылдың күзінде майданға аттанды.
1942 жылы Ғани 16 жасында өзіне жас қостырып жазғызып, өз еркімен соғысқа барады. Танк бөліміне түсіп, соғыс аяқталғанша жан алысып-жан берісіп шайқасады.
Соғыстың соңғы кезеңдері оған аса ауыртпалық әкелді. Танк полкімен немістердің қарауындағы жанында лагері бар ауылға жақындап қалған жауынгерлер бір сұмдыққа кезікті... Соғыста тұтқынға түскен мың жауынгердің мүрдесін алып, өртегелі жатыр екен. Бірақ жау қылмысының ізін жасырып үлгермеді. Таңданған танкшілер ешқандай бұйрықты күтпестен жақын жердегі ауылға бұрылды.
Осындай қақтығыстан соң командалық құрам әскери сотқа жөнелтілді... Ал жауынгерлер мен сержанттар 1952 жылға дейін Германияда қалдырылды. Оның қатарында Ғани Нұрымов та болды.
Ғани Нұрымов соғыстан он жылдан кейін бір-ақ оралды... Институтты аяқтап, географиядан сабақ берді...