- Негізгі бет
- 9 МАМЫР 2012
- Алматыда 9 мамыр...
Алматыда 9 мамыр - Жеңіс күні атап өтілуде. Фотобаян
Сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл 67 жыл толып отыр. Кеңес үкіметін фашистік Германиядан қорғаған 2 миллионға жуық қазақстандықтың біршамасы туған жерінің топырақ иісін қайта искей алмады.
Ұлы Отан соғысында қаза болған батырларымызды еске алу және оларға тағзым ету мақсатында, әр 9 мамырда еліміздегі қалалардың алаңдары мен саябақтарында Жеңіс күнін атап өту шаралары болып өтеді. Алып шаһар Алматыда да бүгін жеңістің 67 жылдығы дүбірлетіп тойлануда.
Назарларыңызға Алматы қаласының 28 панфиловшылар саябағындағы 9 мамыр мерекесінен көріністерді ұсынамыз.
Саябаққа Ұлы Отан соғысына қатысқан, соғыс жылдары жұмыс істеген аталарымыз бен әжелеріміз, соғыс ардагерлері келді.
Жастар оларға шексіз алғысын айтып, гүл шоқтарын сыйлады.
Алғыс тақтасына батырларымызға "рақмет" жазатын жер де қалмапты. | |
Жас балалар соғыстың танктері мен ауыр көліктеріне мініп алып, Отанын қорғауға дайын.
Мемориалдық ескерткішке жүздеген адам келіп, мәңгі отқа гүл шоқтарын қалдырып кетіп жатыр.
Мектеп оқушылары да өз борыштарын ұмытпай, ардагерлерді құттықтауда.
Аталар да ақ батасын жаудырды.
Соғыс әндері бүгін ауыздан түспеді.
Алматының бағы қала тұрғындары мен қонақтарына лық толды.
Ардагерлеріміздің бейбіт өмір сүру үшін өмірлерін қиғандарын бағалай білуіміз қажет. Келер ұрпаққа батырларымыздың көрсеткен ерліктерін жеткізу - біздің қастерлі борышымыз.