- Негізгі бет
- 9 МАМЫР 2012
- 9 мамыр. Соғыс...
9 мамыр. Соғыс туралы қанатты сөздер
Қай-қай соғыстың да қара халықты тұралатып кететінін тарих дәлелдеген. 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында, тұғырлы тұлғалардың соғыс туралы айтқан қанатты сөздерін ұсынамыз.
- Адамдарды үйретпей соғысқа аттандыру - оларды сатып кету деген сөз. Конфуций
- Бізге Үшінші дүниежүзілік соғыс керек емес. Капитализм, коммунизм мен туризмнің өздері-ақ жетіп жатыр. Оливер Хассенкамп
- Не адамзат соғысты құртады, не соғыс адамзатты құртады. Джон Кеннеди
- Бізге соғыс деген - өлім дейді. Жоқ, соғыс - өз-өзін өлтіру. Рамсей Макдоналд
- Басқа істерге сүйресең де бармайтын еркектер бір еркекті өлтіруге келгенде, жұдырықтай жұмылады. Сьюзен Гласпелл
- Соғыс деген шын мәнінде өрескел қателіктердің каталогі. Уинстон Черчилль
- Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады. Бауыржан Момышұлы
- Соғыс кезінде заңның үні өшеді. Марк Туллий Цицерон
- Әскерден ең бірінші темірдей төзім талап етіледі; ерлік - екінші орындағы нәрсе. Наполеон I
- Біздің әскерлер шын мәнінде не үшін соғысып жатқанымызды түсінсе, бірде-бір соғыс болмас еді. Ұлы Фридрих
- Соғыстың ең алғашқы құрбаны - ақиқат. Джонсон Хайрам
- Рухты генеалдың өлі денесінен артық ештеңе көтере алмайды. Джон Мастерс
- Мен соғыстан жеңген бірде-бір халықтың байып кеткенін көрген жоқпын. Вольтер
- Соғысты әскери адамдар бастамайды. Соғысты бастайтын - саясаткерлер. Генерал Уильям Уэстморланд
- Соғыс соғысымен, ал түскі ас уақытында болуы керек. В. Путин
- Есі дұрыс адам әлемге соғыс тілемесе керек. Бейбіт өмірде ұлы әкесін жерлесе, соғыста әкесі ұлын жерлейді. Геродот Галикарнасский
- Қанша батыр болса да,
- Жауға салма жалғызды. Ел аузынан
- Соғысты көрмеген адамның соғыс туралы ләм деуге құқығы жоқ. Марлен Дитрих
- Қажеті жоқ... Соғыстың қажеті жоқ! Дұрысы тірлік қылып, ізденейік. Шынайы даңқ - еңбекпен келген атақ. Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын. Ги де Мопассан
Сурет: kartinki24.ru
Р. Роза