9 мамыр. Мерекелік фильмдер. Солдаттың әкесі

9 мамыр. Мерекелік фильмдер. Солдаттың әкесі

Ардақты да, аяулы массагеттіктерге тағы да мерекелік фильмдер тізбегін ұсынамыз.

Біз ұсынатын алғашқы фильм "Солдаттың әкесі" (Отец солдата). "Грузинфильм" киностудиясының 1964 жылы түсірген фильмі. Картинада Ұлы Отан соғысы кезіндегі Грузин отбасы туралы оқиға көрініс тапқан. Нақтылайтын болсақ, соғысқа кеткен ұл мен оның әкесі туралы көңілді тебірентерлік оқиға.

Соғысқа кеткен ұлының госпитальға түскенін естіген әкесі ұлын бір көру ниетінде сол емханаға жол тартады. Ұзақ жолды бағындырып келгенінде, ұлының емделіп болып, қайта фронтқа кетіп қалғандығы анықталады. Осылайша түрлі оқиғалардың себебімен қайран әке ұлын көрмек ниетте соғыс алаңына жол тартады. Ақыры не керек, түбі үйіне қайтудың орнына, солдаттармен қосылып, ұрысқа қатысады. Тіпті Берлинге дейін жетеді. 

ва

Фильмнен көрініс. Әкесі өз ұлын көруге жол тартып бара жатыр

Әке өз ұлын көре ала ма? Оның арқасынан қағып, жігерлендіре ала ма? 

Фильмнің режисері - грузин халқына танымал Резо Чхеидзе. Киноның өн бойында Сулхан Цинцадзе атты сазгердің туындылары жүректі тебірентіп отырады. Айта кетелік, фильм алғаш халыққа жол тартқанда 23,8 миллион адам көрермен болды. Фильмнің премерьасы 1965 жылдың 13 мамырында өтті. 

Фильм ұзақтығы: 87 минут

Сыйлықтар: Фильм 1965 жылы Мәскеу халықаралық кинофестивалінде үздік ер адамның рөлі номинациясында жеңімпаз атанды (Серго Закариадзе).

9 мамыр қарсаңында жүрегіңізді бір тебірентіңіз!

Фильмнен үзінді:

Фильм толығымен:

 

сурет: kinomanie.com, krogportal.net