"Богдан Хмельницкий" ордені. КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумның қаулысымен 1943 жылы 10 қазан күні бекітілді. Үш дәрежесі бар. Богдан Хмельницкий орденімен Қызыл Армия командирлері мен қанды ұрыстарда елін аман қылуға бар күш-жігерін салған жауынгерлер марапатталған болатын. Осындай орденмен алғашқы болып генерал А. И. Данилов марапатталды.
"Қызыл жұлдыз" ордені 1930 жылы 9 сәуір күні бекітілді. Бұл ардақты марапатты соғысқа қатысқан жауынгерлерге, тылда еңбектеніп, Отан алдында адал тер төгіп жүрген қарапайым халыққа да берген. "Қызыл жұлдыз" орденімен алғашқы болып Таяу шығыстағы армия басшысы В. Блюхер 1929 жылы Қытай елімен пайда болған түсініспеушілік пен келеңсіздікті шешіп бергені үшін марапатталды.
"Отан соғысы" ордені КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумның қаулысымыен 1942 жылы 20 мамыр күні бекітілді. Екі дәрежесі бар. "Отан соғысы" орденінің алғашқы кавалерлері болып капитан И. Криклий, аға сержант А. Смирнов пен И. Стаценко танылды. Өйткені осы батырлар 1942 жылы Харьков бағытындағы гитлершілердің көптеген ұрыстарына тойтарыс берген болатын.
"Жеңіс ордені" Кеңес үкіметін жеңіске әкелгені үшін жоғары командалық құрамды марапаттауға арналған арнайы сыйлық. Бұл орден КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумның қаулысымыен 1943 жылы 8 қараша күні бекітілді. Көбіне бұндай белгілермен бір немесе бірнеше майданда ерлікпен көзге түскен батырлар марапатталған.
"Алтын жұлдыз" медалімен Кеңес үкіметі батыры деген атаққа ие болған тұлғалар марапатталатын. 1939 жылдың 1 тамызында КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумның қаулысымыен бекітілген еді. Бұл медаль Кеңес үкіметінің батыры атағын алғандарға бірге табысталатын. Алғашқы "Алтын жұлдыз" Ляпидевскийге берілген еді.
Сурет:mger2020.ru, npstoik.ru