1943 жылдың 5 шілдесінде Курск ауданында алпауыт күштер жұмылдырылған ұлы шайқас басталады. Оған орталық фронттың әскері (генерал К. Рокоссовский басқарған), Воронежск және Дала фронтының әскерлері жұмылдырылады. Көзсіз ерлік пен тапқырлықтың үлгісі көрсетілген осы шайқаста қазақстандық жауынгерлер де бой көрсетті. Соның бірі – танк взводының командирі лейтенант Сейтқасым Боранқұлов.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/_H01IPIrD8Y&noredirect","width":"450","height":"255"});
Торғай облысының тумасы 1941 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіреді. Екі күннен кейін сұм соғыс басталып, кейіпкеріміз әскерге аттанады. Сейітқасым аға Сталинградтағы танк училищесіне жіберіледі. Оқу орнын үздік көрсеткішпен бітіріп, 1942 жылдың мамыр айында Воронеж фронтындағы майданға жіберіледі. Екі рет жарақат алса да, майдан даласындағы айбынды қару танкімен бірге жауға қарсы тұра білген батыр атамыз бүгінде ортамызды толтырып жүр. Сейтқасым аға соғыс, кейінгі ұрпақ туралы әсерлі әңгімелерін біздің ұжымға баяндап берді.
Дайындаған: Еркебұлан Сатқанбаев, Мейіржан Әуелхан