- Негізгі бет
- 9 мамыр 2014
- Екінші дүниежүзілік соғыс:...
Екінші дүниежүзілік соғыс: "Газды камераның іске қосылуы"
Қандай соғыс болса да, бейбіт тұрғындарға тигізетін қасіреті мол. Қанды қырғында ана мен баланың жүрегі елжіреп, көпшілігі сүйгенімен мәңгілікке қош айтысты. Жыл сайын 9 мамырда соғыс туралы деректі фильмдер көрсетілсе де, әлі де жысырын қалған құпия көп. Біз көріп жүрген соғысқа арналған фильмдер батырларды мадақтап, жеңіспен аяқталатын голливуд киносына ұқсайды. Мұнымен қатар 99-% адам концлагерь туралы шынайы мәліметтерді біле бермейді.
Бала психикасына кері әсерін тигізбей үшін мектеп бағдарламасындағы оқулықтардан «Освенция», «Дахау» сынды сөздерді аз кездестіреміз. Олай болса, Дахау концлагерімен жақынырақ танысайық.
Герман фашистері Отанында «мінсіз қоғам» құруға ұмтылды. Бұл қоғамның талаптарына сай келмейтіндер шеттетілді. Сондықтан Гитлер билікке келген соң «Халық пен Рейхтағы кедейлікті жою» туралы заңына сәйкес Дахауда ең алғашқы концлагерь ашты. Ал режиммен келіспейтіндерді еңбек терапиясымен қайта тәрбиеледі. Сондықтан барлық лагерьдің есігінің сыртында «Еңбек азат етеді» деп жазылды.
Герман билігі дүниежүзілік соғыс басталысымен тұтқындардың күшін белсенді түрде пайдаланды. Оларды жұмыс істесін деген ниетпен ғана тамақтандырды. Олар төмендегі суреттегідей барақта тұрды.
Бұл барақтар қайта қалпына келтірілген түрі. Шындығында осы күндері тек қаңқасы қалған.
Уақыт өте келе екі қабаттан тұратын төсекке көп адам орналастыра бастады.
1944 жылы аз ғана аймақта 10 000-ға жуық адам тұрды.
Тұтқындар орталық аллеяда таңертең сап түзеп, бірнеше сөйлеммен ғана тілдесіп үлгеретін болған.
Гитлер еврей халқын жек көрген. Оларды Еуропада ұнатпайтындар көп. Көпшілік еврей халқының қулығына мән бермесе де, олардың ұстанымдарын ұтымды пайдаланған. Мысалы, еврей халқы бір қателігін екінші рет қандай жағдай болмасын қайталамайды екен. Бастапқыда герман фашистері еврейлерді азаматтық құқығынан айырып, еңбегін тегін пайдаланды. Кейбір деректің хабарлауынша, 1942 жылы оларды толықтай құртып жіберу туралы жарлық шықты.
Баскесерлердің жүйкесі жылдам тозатындықтан, бірнеше адамды өлтіру үшін қаруды пайдалану тиімсіз болды. Осылайша газды камера іске қосылды. Олардың біреуі Дахауда болған. Бұдан өзге концлагерді екіге жіктейміз. Бірінде – жұмыс істеуге мәжбүрлесе, екіншісінде – адамдарды өлтірген. Өлтіруге арналған лагерьлер Польшаның Освенцим, Майданек, Треблинка, Собибор, Хелмно сынды аймақтарында болған. Бір деректер Герман фашистері адамдарды тірідей өртеген деп жалған ақпарат береді. Суреттегі пештер мәйіттерді өртеуге арналған.
Суретте газды камераның кіреберісі көрсетілген. Күзетшілердің саны тұтқындардан аз болғандықтан, көтерілістің алдын алу үшін «Жұмыс істемес бұрын душқа түсіп алыңыздар» деп айтатын болған. Сондықтан есіктің сыртында «Жуынатын бөлме» деп жазылған.
Газды камераның іші әдейі душқа ұқсатып жасалған.
Бар мәселе тормен қапталған терезеде. Оның сыртында жылжымалы контейнер бар.
Сыртындағы көрініс. Контейнердің ішіне барлық адамды біреше минут бойы улайтын Циклон-Б газының капсулалары салынған. Артынша камераның ішін басқа тұтқындар тазалап шығуға мәжбүр болған.
Концлагерь орналасқан Дахау қаласы туралы қысқаша мәлімет. Бұл – немістердің қарапайым әрі тыныш қалаларының бірі.
Көбінесе жер үйлер салынған.
Ағашты қоршаған орындықтары бар.
Мысықтар мен иттерге арналған су.
Немістердің көше жарнамасы.
Заманауи өнер туындысы.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: lifejournal.com
Қ. Бүйенбай