9 мамыр. Соғыс кезіндегі бауырластық

Адамдар екі жағдайда бастары қосылады: бірі – қуанышта, бірі – қайғыда. Ал соғыс деген бір халықтың ғана емес, бүкіл бір жер ғаламына туған нәубет, қасірет. Сондай адамзат нәубеттерінің бірі – Дүниежүзілік соғыс, әсіресе, екінші дүниежүзілік фронтальды соғысы. Ал бұл соғыс өз кезегінде ұлттар достығының нағыз бір үлгісін жасап бергендей болды. Мәселен, КСРО-ның құрамында 250 ұлт бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып бір күшке айнала білді. Бұл санаттағы ұлттардың барлығы бір дін, бір тіл ортақ құндылықтарсыз-ақ бір жүйеде тіл табыса білді, жауға қарсы бірдей, бірлікте қайрат көрсете алды. Ұлттар достығына арналған көптеген әдеби шығармалар жазылды, барынша ұлттар достығы, бауырмалдастығы жоғарғы деңгейде насихатталды. Қазіргі Қазақстандағы диаспоралар мен этностар дәл осы соғыс уақытында қоныс аударылған топтар еді. 1941- 1942 жылдары республикаға 408 мың неміс депортацияланды. Кавказдан қарашайлар - 45,5 мың адам, балкарлар - 25 мың, чешендер мен ингуштар 406 мың адам аударылды. Сондай-ақ Қазақстанға қалмақтар (2,2 мың), ирандықтар (2 мыңнан аса отбасы), поляктар, финдер, күрдтер, қырым татарлары, түріктер, гректер, батыс беларустар мен батыс уқраиндықтар, литвалықтар т. б. қоныс аударылды. Осынау қоныс аударылған ұлттар Қазақстанды нағыз соғыс арсеналына айналдыра білді, жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда ғана жасалған. Мұның барлығын ұлттар достығының, бауырмалдылығының нәтижесі деп білеміз.

Бірлік – деген қасиетті ұғым. Еліміздің берекесі артып, гүлденіп, өсуі осы бірлікпен тығыз байланысты. Сондықтан бірлік, сыйластық бір отбасына ғана емес, тұтас елге, мемлекетке де тікелей қатысты. Қазір Қазақстан елі халықтар ынтымағы мен бірлігін берік  ұстанған көп ұлтты мемлекет.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік, ендеше жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарымызды сақтап қалу үшін сондай қажет».

Біздің жеріміздегі бейбітшілік пен келісім - бұл осында тұрып жатқан халықтардың достық татуластығы мен ұлы даналығының жемісі.

 

Бауыржан Момышұлы "Халық достастығы бұрқағында" Мәскеу,1962 жыл

Генерал Сабыр Рахымов, Салоба жерін фашисттерден азат етуге нұсқау беруде. Польша,1 қараша,1944 жыл

КСРО-ның Ержүрек барлаушылары Ефремов пен Аширов

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: kazakhs.kazakh.ru,np.kz,altyn-orda.kz,dzr.by