Бүгін қасиетті де қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күні. Аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке есте сақтауға арналған ең қастерлі де мәртебелі мереке күн. Бұл – аға буын өкілдерінің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі.
Міне, 1941 жылы басталған сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл 68 жыл болды. Сол жылдың маусым айынан бастап КСРО-ның миллиондаған әскерімен бірге, қазақ жауынгерлері де Ұлы Отан соғысына аттанып, өзінің батылдығымен, қайсарлығымен көзге түсіп, жеңіске жетуге елеулі үлес қосқан еді. Егер батыр ардагерлеріміздің жеңісі болмаса, мүмкін әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан елі да болмас па еді. Сондықтан, Отан үшін жан қиғандарды еске алып, олардың рухтарына бас иіп, тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың мәңгілік парызы болып қала бермек.
Массагет порталы адамзат тарихындағы ең қатыгез соғыста жеңімпаз атанған әкелердің, ағалардың, аталардың ұрпағы екенімізді әрдайым мақтан етеді және Қазақ халқын 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды.
Бейбіт өмірді әкелген ардагерлеріміз әрқашан аман болғай!
Сурет: egemen.kz