9 мамыр. Ұлы Отан соғысы жайлы кеңестік кинофильмдер

9 мамыр. Ұлы Отан соғысы жайлы кеңестік кинофильмдер

Көңілдегі түйткілді бір сұрақты жасырмаңыз: «Сіздің үйдің мекенжайы» киносы көруге тұрарлық па? Ондай болса, қос қолдап "ИӘ!" деп жауап бергім келеді. Сіз бұл кинодан өзіңізге керектінің бәрін аласыз: мейірім, адалдық, сағыныш, әке махаббаты т.б. 

Ұлы Отан соғысы жылдарында Панас Петрович Байда ұлын жоғалтып алады. Сұрапыл соғыс уақытында ел-жұрт бір орыннан бір орынға көшуге мәжбүр болған тұс еді. Араға көп жылдарды салып, Панас жүрек түбіне үлкен қайғысын көміп, өмір сүріп жата береді. Бірақ бір күні оған әскерлер құтқарып қалған жау тылындағы балалар туралы ақпар жетеді. 

Олардың барлығына дерлік Иван Бессмертный деген ат берілген екен. Олар әлі күнге тірі болғанмен, тағдырдың жазуымен қиян түкпірлерга, шалғай алыстарға кетіп қалған болып шығады. Жырты өкпе тірлікке өкпесі бар, үміті жоқ Панас Петрович қайта өз ұлын іздеу жолында барлық Ивандарға жол тартады.

Одан әрі не болды деп ойлайсыз? Панас өз ұлын тапты ма? Сергелдеңге түскен балалар тағдыры қалай жалғасын тапқан? Панас әке ретінде қаншалықты қауқар таныта алды. Соңғы үміті немен аяқталды екен?

Ендеше, төмендегі кинодан көре аласыз. 


сурет: megogo.net; chtoby-pomnili.livejournal.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

А. Әбілхан