9 мамыр. Қазақстандық жауынгерлер қайта жерленеді

9 мамыр. Қазақстандық жауынгерлер қайта жерленеді

Алматыдағы "Боевое братство" қоғамдық қоры үстіміздегі 2013 жылдың тамыз айында Ресейдегі Псков облысында өтетін "Естелік вахтасы 2013" акциясына қатысады. Айта кетелік, шара аясында соғыс кезінде жерленбай қалған ата-әжелеріміз туған жерге әкелінеді. Нақтырақ айтқанда, 2 приибалтикалық фронттың 22-армиясының 54-ші мергендер бригадасының жауынгерлері қазып алынады. Олардың қатарында Кеңес одағының батыры қазақстандық Әлия Молдағұлованың да бар екендігін қоса кетейік.

Қатысушылар сапарға Алматыдан аттанады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, игі шараның аясында жоғалып кеткен көптеген қазақстандық жауынгерлердің табылуының ықтималдылығы өте жоғары. Табылған әрбір солдат қайта жерленіп, ескерткіш плиталар орнатылады.

пр

дж

Шара күллі қазақстандықтардың атынан өткізілетіндіктен ұйымдастырушылар азаматтар мен мекемелерді акцияға қаржылай көмек көрсетуге шақырады.

Экспедицияны ұйымдастыруға 15 миллион теңге қаражат керек.

Қазіргі кезде ұйымның 5 233 000 теңге жиып үлгергендігін айта кетелік. 

лд

жэ

лд

Қор туралы қосымша ақпараттарды мына сілтемелерге өтіп оқи аласыздар:

- Вконтакте әлеуметтік желісіндегі топ

- Facebook әлеуметтік желісіндегі топ

- Қозғалыстың ресми сайты

Қаржы аударуға қажет реквизиттер:

Төлем тағайындамасы: "Вахта памяти Казахстан - 2013",
Банк: АО "Дочерний Банк "Punjab National Bank"-Казахстан",
БИК: DABNKZ2P,
БИН: 080 940 011 369,
Р/с: KZ 426 200 722 030 000 214,
ҚҚ "Боевое братство"

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: ©Қордың баспасөз қызметі

Massaget