Старшина взводты сапқа тұрғызып: "Мен бүгін сендермен саяси сабақ өтемін!" - дейді.
- Бірінші сұрақ: Арманов!
- Мен!
- Отан дегеніміз не?
Минуттық үнсіздік: - Білмеймін.
- Ақымақ! Отан дегеніміз – сенің анаң! Түсінікті ме?
- Иә!
- Сен не түсіндің?
- Отан – менің анам!
- Жарайсың!
- Болатов!
- Мен!
- Отан дегеніміз не?
- Отан дегеніміз – Армановтың анасы!
- Ақымақ! Отан – сенің анаң!Түсінікті ме?
- Иә.
- Сен не түсіндің?
- Біз Арманов екеуіміз ағайындымыз!
* * * *
Прапорщик әскерге:
- Бір құлағыңды кесіп тастаса, не болады?
- Естімей қалам.
- Екеуін кесіп тастаса ше?
- Көрмей қалам.
- Е, неге?
- Каскам түсіп көзімді жауып қояды.
* * * *
Бір күні бір ауылдың баласы әскерден келіпті.
Сөйтіп досы сұрап жатыр дейді:
- Сен әскерге барып орысша үйреніп келдің бе?
- Иә!
- Бір орысты шақыру үшін не деп айтам.
- "Иди сюда".
- Ал егер "кет" десем ше?
- Ар жағынан айналып барып "Иди сюда" дейсің, - депті.
* * * *
Сарбазға қарама-қарсы маршал келе жатыр. Сарбаз құрмет көрсетпей, өтіп кетеді. Маршал:
- Сарбаз, неге құрмет көрсетпейсің?
- Кешіріңіз, жолдас лейтейнант!
- Сен не, дәреже ажырата алмайсың ба?
- Ой, кешіріңіз жолдас полковник!
- Сарбаз, сен не жапырақты көрмейсің бе?
- Немене? Орманшы? Жоғал әрі!
* * * *
- Соғыста мен ұшқыш болдым.
- Жақсы болыпты ғой.
- Несі жақсы болды дейсің? Бірде жау тылына барлауға ұшып бара жатқанда, ұшағымды атып түсірді.
- Ой, жаман болған екен.
- Несі жаман болды дейсің, парашютпен секіріп кеттім.
- Е, жақсы болған екен.
- Несі жақсы болды дейсің, қырсыққанда парашютім ашылмай қойды.
- Туһ, жаман болған екен.
- Несі жаман болды дейсің, бағым бар екен, шөмеле шөптің үстіне бір-ақ түстім.
- Е-е, ол жақсы болыпты ғой.
- Несі жақсы болды дейсің, жан-жағыма қарасам, немістер қоршап алыпты.
- Бәлі, бұл енді жаман болған екен.
- Несі жаман болды дейсің, автоматым бар болатын, бәрін қырып тастадым.
- Бәрекелді, жақсы болған екен.
- Несі жақсы болды дейсің, есімді жисам, бәрі өз адамдарымыз екен...
* * * *
- Жолдас прапорщик, ақымақты қалай қызықтыруға болатынын білесіз бе?
- Жоқ, қалай?
- Ертең айтамын...
* * * *
Старшина:
- Әскер, жүзу білесің бе?
Жауынгер:
- Дәл солай!
Старшина:
- Қайдан үйрендің?
Солдат:
- Суда, жолдас прапорщик!
* * * *
Екі жауынгер өзара сөйлесіп отыр. Біреуі:
- Есіттің бе? Кеше танкішілер өздерінің аспазшыларын өлтіре жаздапты!
Екіншісі:
- Не үшін?
- Оңбаған, шабуылға шығар алдында ас бұршақтан сорпа дайындап берген ғой!
* * * *
Әскери комиссариатта жігіттен сұрап жатыр:
- Сіз әскер қатарында қызмет етуден неге бас тартасыз?
- Сенімім бойынша.
- ?
- Мен сенімдімін, маған ол жақ ұнамайды!
* * * *
Жауынгерлердің жатақ орны. Прапорщик кіріп, жауынгерлерді сапқа тұрғызады.
Прапорщик: "Кеше кешке кім ішті?" - депті.
Үнсіздік.
Прапорщик: "Екінші рет қайталап сұраймын, кеше кешке кім ішті?"
Барлығы үндемейді, тек қана бір жауынгер шығып: "Мен жолдас, прапорщик" - дейді.
"Сен бе? - деп прапорщик жауынгерді көрсетіп тұрып,- Сен менімен бірге бас жазуға барасың, ал қалғандарың тазалыққа көшіңдер!" - депті.
сурет:www.uploadimage.cn
Дайындаған: Фараби Арыстанбек