7 мамыр, Отан қорғаушылар күні – жас мейрам. Еліміздің ерлерінің төл мерекесі Ұлы Жеңіс мейрамының жақсы бастамасы. Аталарын, әкелерін, ағалары мен бауырларын, ұлдары мен немерелерін және барша ер-азаматтарды құттықтаған Астаналық арулардың тілектерін қабыл алыңыздар.
Салтанат өз әкесі мен ағасын және барша жігіттер қауымын мерекемен құттықтап, елімізге тыныштық, ал ерлерге әр уақытта арулардың қасынан табылуын тілейді.
Арайлым есімді жас ана ең біріншіден өз ұлы Елнұрды, жан жары мен әке, атасын құттықтайды. Ер азаматтарымызға жігер мен күш, батылдық тілейді.
Индира Гаухар мен Адина жас Отан қорғаушыларға еліміз үшін барын салуын тілейді.
Мерей әкесі мен барша ер кісілерге мықты денсаулық тіледі.
Жібек апа жастарға тарихымызды ұмытпай, еліміздің болашағы үшін барын аямауын тілейді.
Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова